Тақырыбы: Блоктар.

Мақсаты:Блоктың бұйрықтарымен және оның белгілерімен танысу.

Кілттік сөздер: блок, Make Block, Insert Block.

Дәрістің қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар: Блоктарды құру. Блоктарды қою. Блоктардың ерекше белгілері.

 

Блоктар — құрамында байласқан қарапайымдар бар және бір нысан ретінде өңделетін күрделі нысандар. Редакциялау аспаптарын қолдана отырып, қарапайымдардың негізінде күрделі нысандар жасауға болады. Егер бір-біріне ұқсас нысандар жасасаңыз, кейде қарапайымдардан үнемі сол бір күрделі нысандарды жасауыңыз мүмкін.

Бірдей нысандарды құруды неғұрлым оңайлату үшін блоктар қолданылады - құрамында байласқан қарапайымдар бар және бір нысан ретінде өңделетін күрделі нысандар. Блок бірнеше сызбаларда қолданылуы және құжатта сақталмауы мүмкін. Оны файлдың көлемін үлкейтпей-ақ бір сызбада бірнеше рет қолдануға болады. Блок сызбаға тек сілтеме ретінде сақталады, сондықтан құжатта оның тек атауы, оны қою нүктесі және қасиеттері туралы мәліметтер сақталады.