Блоктарды қою

Блоктарды қою үшін INSERT (Қою) бұйрығы қолданылады. Блоктарды бағдарламаның келесі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоюға да болады:

Insert Block (Блокты қою) бұйрығы;

Басқару пультінде 2D Draw (Екіөлшемді сурет салу) тақтасындағы Make Block (Блокты қою) батырмасы;

Insert (Қою) құрал-саймандар тақтасындағы Insert Block (Блокты қою) батырмасы.

Жоғарыда айтылған әрекеттерді орындап болған соң, Insert (Қою) (6.3 сурет) терезесі ашылады. Енгізілетін блокты таңдау үшін Name (Аты) тізімі пайдаланылады. Терезе ашылған соң, онда соңынан енгізілген блоктың аты көрсетіледі. Егер суретте тек бір ғана блок болса, онда тек соның ғана аты көрінеді.

Сызбаға тек бұрын сақталған блокты ғана емес, сондай-ақ, басқа да сызбаны қоюға болады. Ол үшін Browse (Шолу) батырмасын басу қажет және ашылған Select Drawing File (Сызба файлын таңдау) терезесінде қажетті файлды көрсету қажет. Себебі, сызба үшін, блокқа қарағанда оның базалық нүктесі берілмейді, ол үшін сызбаның алғашқы нүктесі қызмет етеді.

Insertion point (Қою нүктесі) аймағында блоктың базалық нүктесімен сәйкес келетін нүктені көрсету қажет. Оны координаттар нүктесін қолмен беріп жасауға болады. Нүктелердің орналасуын экранда көрсету үшін Specify On-screen (Экранда көрсету) бөліміне жалауша орнату қажет. Бұл жағдайда нүктені Insert (Қою) терезесі жабылған соң таңдау қажет болады.

Блокты қою кезінде сондай-ақ үш өс бойынша қоюдың масштабтық коэфициентін анықтауға болады. Үнсіз келісім бойынша блок бірге тең коэфициенттермен қойылады. Егер осы немесе басқа өске 1-ден кіші коэфициент беретін болсақ, онда қою кезінде блок осы өстің бойында сығылады, ал егер 1-ден үлкен коэфициентті көрсететін болсақ, онда ол созылады. Егер барлық үш өс бойынша масштабтаудың бірдей коэфициентін беру талап етілсе, онда Uniform Scale (Бірдей масштабтау) бөліміне жалауша орнатыңыз. Бұл жағдайда, Х өрісіне енгізілген, масштабтау коэфициентінің мәні Y және Z өстерінің де мәні болып табылады.

Rotation (Айналдыру) аймағының параметрлері блоктың қою нүктесіне қатысты айналдыру бұрышын анықтауға мүмкіндік береді. Егер Angle (Бұрыш) параметрінің мәні оң болса, блок сағат тілінің бағытымен берілген бұрышқа бұрылады, егер де теріс болса – оған қарсы айналады. Егер сіз айналу бұрышын тышқанның көмегімен қолдан қойғыңыз келсе, онда Specify On-screen (Экранда көрсету) жалаушасын орнатыңыз. Бұл жағдайда Insert (Қою) терезесі жабылған соң бұрышты экранда көрсету қажет болады.

Егер блокты қою кезінде оны құрамдас қарапайым бөліктерге бөлу қажет болса, онда Explode (Бөлу) жалаушасын орнатыңыз.