Блоктардың ерекше белгілері

Әр блоктың бір немесе бірнеше ерекше белгілері – суреттеуге қызмет ететін және белгі салатын, мәтіндік үзінді болуы мүмкін. Ерекше белгілер қарапайым сияқты блоктың құрамдас бөлігі болып табылады, және блокты енгізу кезінде сызбаға қосылады. Ерекше белгілерді тағайындау әртүрлі болуы мүмкін және ол сызбада блоктардың қандай мақсатта қолданылуына байланысты болады. Егер блок сызбаның қалпы болып табылатын болса, онда ерекше белгілер бір мәтінді қайталап енгізуді жеңілдету үшін қолданылуы мүмкін. Егер блок бөлшектерді жылдам жасау үшін қызмет етсе, онда ерекше белгілерде олардың бейнеленуі және техникалық сипаттамасы болуы мүмкін. Қандай мақсатқа қолданылуына байланысты ерекше белгілер жасырын немесе сызбада көрінетін болуы мүмкін.

Ерекше белгілерді жасау үшін келесі әрекеттерді жүзеге асырыңыз:

Бұйрық жолына ATTDEF (Аттопр) бұйрығын енгізіңіз;

Draw Block Define Attributes (Сурет салу Блок Атрибуттарды анықтау) бұйрығын орындаңыз.

Содан соң экранда Attribute Definition (Атрибуттарды анықтау) терезесі ашылады, онда ерекше белгілердің негізгі параметрлері беріледі (6.4 сурет). Attribute (Белгі) аймағы ерекше белгілердің атауын енгізуге арналған өрістен (Tag), (Prompt) блогты қою кезінде көрінетін шақырулардан, сондай-ақ, блокты қойғаннан кейін (Value) жанында көрінетін мәндерден тұрады.

Mode (Режим) аймағы ерекше белгілерді қолдану режимін анықтауға көмектеседі. Қажетті жалаушыларды орнату арқылы сіз ерекше белгілерді сызбада көрінбей тұруы үшін (Invisible) жасырып, ерекше белгілердің мәтіні өзгеріссіз қалуы үшін (Constant) тұрақты, ерекше белгілердің мәні блокты қою кезінде тексеріліп отыруы үшін (Verify) бақыланатын, блокты қоюдың әр кезінде ерекше белгілердің мәнін бұйрық жолына қайталап енгізбеу үшін алдын ала орнатылатын (Preset), блоктың ішіндегі ерекше белгілердің орналасуын өзгертуді мүмкін болдырмайтын (Lock position) блокталған жағдайы, және мәтіннің көп жолды болуы үшін (Multiple lines) көпжолдылық етіп қоюыңызға болады.

Insertion Point (Қою нүктесі) аймағында сызбадағы ерекше белгілердің жайын анықтауға болады. Егер Specify On-screen (Экранда көрсету) жалаушасы орнатылса, онда сіз оның жайын экранның қажетті жерін басып анықтауыңызға болады. Жалаушаны алып тастап, координаттарды қолдан қоюға болады.

Ерекше белгілер мәтіндік үзінді болғандықтан, оған мәтінді форматтаудың кейбір параметрлерін беруге болады. Ол Text Settings (Мәтінді күйге келтіру) аймағында жасалады. Бұл жерде мәтіннің стилін (Text style), оның биіктігін (Text height) және айналу бұрышын (Rotation) көрсетуге болады. Соңғы екі параметрді сандық мәнмен ғана емес, сондай-ақ, экран аймағында тышқанның сілтеуішімен де қоюға болады. Егер ерекше белгілердің мәтіні көпжолды болса, Boundary width (Кеңдік шекаралар) алаңында жолдардың енін көрсетуге болады.

Мәтін үшін Justification (Тегістеу) тізімінен қажетті нұсқаны таңдап, тегістеу параметрлерін орнатуға болады.

Left (Солға). Бұл параметрді таңдағанда экранда нүктені көрсету қажет. Осы нүкте бойынша мәтін сол жақ шетке қарай тегістеледі.

Align (арасына кіргізіп жазу). Бұл жағдайда мәтін орналасқан көлденең сызық елесінің басы мен аяғын көрсету керек. Мәтінде қаншалықты бейнелер көп болса, оның биіктігі де соншалықты төмен болады.

Fit (Ені бойынша). Бұл мәнді таңдаған кезде мәтін орналасқан көлденең елес сызықтың басы мен аяғын көрсету керек. Мәтінде қаншалықты бейнелер көп болса, оның ені де соншалықты қысқа болады.

Center (Орта). Бұл параметрді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Мәтін осы нүктеге қарай ортаға көлденеңдеп орналасады.

Middle (Қақ ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Мәтін осы нүктеге қарай қақ ортасына көлденең және тіке шоғырланады.

Right (Оңға). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Осы нүкте бойынша мәтін оң жақ шетке қарай тегістеледі.

Top left (Жоғарғы сол жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің жоғарғы сол жақ бұрышының нүктесін көрсету керек.

Top center (Жоғарғы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Осы нүкте бойынша мәтін оның жоғарғы жағына және ортаға қарай тегістеледі.

Top right (Жоғарғы оң жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің жоғарғы оң жақ нүктесін көрсету керек.

Middle left (Сол жақтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін сол жақ шетке қарай қысылады.

Middle center (Орталықтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін көлденеңдеп орталықтанады.

Middle right (Оң жақтағы ортасы). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан жазбаша әріптердің ортасы болатын нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін оң жақ шетке қарай қысылады.

Bottom left (Төменгі сол жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің төменгі сол жақтағы бұрышы болатын нүктені көрсету керек.

Bottom center (Төмендегі ортасы). Бұл параметрді таңдаған кезде экраннан нүктені көрсету керек. Сол кезде мәтін оның төменгі жағында және сол жағынан орналасады.

Bottom right (Төменгі оң жақ). Бұл мәнді таңдаған кезде экраннан мәтіннің төменгі оң жақ бұрышы болатын нүктені көрсету керек.

Жасалған ерекше белгілерді блокқа кәдімгі қарапайымдарды орналастырған сияқты қоюға болады. Ерекше белгілерді сызбаға енгізгеннен кейін ол нысандар тізімі енгізіледі және сіз оны Quick Select (Жылдам таңдау) терезесін қолдану арқылы таңдауыңызға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Блок дегеніміз не?

2. Блокты калай құрамыз?

3. Блокты қалай қоямыз?

4. Блоктың қандай атрибуттарын білесіздер?