Тақырыбы: Өлшемдер.

Мақсаты:Өлшемді сызбаға қою және оның түрлерімен танысу.

Кілттік сөздер: өлшем, параллельді, базалық, шынжыр, ординатты.

Дәрістің қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар: Құрал-саймандар тақтасы – Өлшемдер. DIMLINEAR. DIMALIGNED. DIMCONTINUE. DIMDIAMETER. DIMORDINATE.

Өлшемдерді, ену рұқсаты және шығару сызықтарын орнату әрекеті Dimension (Өлшемдер) мәзірінің бұйрықтарымен және Dimension (Өлшемдер) құралдар тақтасының батырмаларының көмегімен орындалады.

 

Сурет14. Dimension құралдар тақтасы

 

Ұзындық өлшемі (DIMLINEAR) – көлденеңінен, тігінен немесе бұрылған өлшемдерді құрады.

Параллельді өлшем (DIMALIGNED)

Базалық өлшемдер (DIMBASELINE) – алдыңғы өлшемнен алынған екінші сызықтың жалғасқан сызық өлшемі болып табылады

Өлшемдік шынжыр (DIMCONTINUE) бірінен кейін бірі жалғасатын сызықтық өлшемдер тобын құруға мүмкіндік береді.

Диаметрлі өлшем (DIMDIAMETER) – шеңбердің немесе доғаның диаметрін құрады.

Радиусты өлшем (DIMRADIUS) – шеңбердің немесе доғаның радиусын құру.

Бұрыштық өлшем (DIMANGULAR) –параллель емес екі сызықтың немесе төбелерден және екі басқа нүктелерден құрылған, доғаның арасындағы бұрышты көрсететін доғаны құру.

Жылдам өлшемі (QDIM) – бір типті өлшемдер тобын немесе базалық өлшемдер мен өлшемдікті тез құру үшін арналған.

Тез шығару (QLEADER)сынықтан не тегіс шығару сызығынан немесе нұсқағыштардан басталатын (немесе басқа күйге келтірілген символдардан) және бір не бірнеше мәтін жолдарынан немесе мултимәтіндермен аяқталатын, бірнеше сегменттерден тұратын бір атаулы қарапайым шығаруларды тұрғызады.

Ординаттық өлшем (DIMORDINATE) көрсетілген нүктенің абцисса немесе ордината мәндері орнатылған шығаруларды құруға мүмкіндік береді.

 

Опциясы:

Х мәні (Xdatum) –шығарылған сызық соңының тұрған жеріне қарамастан абсцисса шығаруын береді;

У мәні (Ydatum) –шығарылған сызық соңының тұрған жеріне қарамастан ордината шығаруын береді;

Бұрыш (Angle) – шығару жазбасының бұрышын беру;

Мәтін (Text) – шығарудың жаңа мәтінін енгізу;

Ммәтін (Mtext) –мультимәтін мүмкіндіктерін қолданып, шығарудың жаңа мәтінін енгізу.

Бақылау сұрақтары:

1. Өлшемді қою бұйрығы қай мәзірде орналасқан?

2. Бұрыштық өлшемді салу қандай бұйрықпен қамтамасыз етіледі?

3. Радиус белгісін шығаруды қалай жүзеге асыруға болады?

4. Диаметрлік өлшемді қалай қояды?

5. Шығаруы бар өлшемді қалай қоюға болады?