Кестенің стилі

Стильдер форматтау атрибуттарының топтамасын білдіреді. Кестелер үшін бұл атрибуттар ұяшықтарды және олардың шекараларын әрлеу, ұяшықтарда алаңдар болуын, қолданылып отырған мәтіннің параметрлері болып саналады.

AutoCAD-та үнсіз келісіммен кестелерге бір ғана стиль қолданылады, ол Standard (Стандартты). Алайда, әркімнің қалауынша өз стилін шығаруға болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

· TABLESTYLE (Кестестиль) бұйрығын бұйрық жолына енгізіңіз;

· Tables (Кестелер) басқару пульті тақтасындағы Table Style (Кестенің стилі) батырмасын басыңыз;

· Format Table Style (Формат Кестенің стилі) бұйрығын орындаңыз;

· Insert Table (Кестені қою) терезесінің Table style (Кестенің стилі) тізімінің оң жағындағы батырманы басыңыз.

Осы әрекеттердің бірін орындаған соң, Table style (Кестенің стилі) терезесі ашылады. Оның көмегімен бар стильдерді редакциялауға және жоюға болады, сондай-ақ жаңаларын құруға болады.

Стильді Styles (Стильдер) тізімінен таңдауға болады. Стильді таңдау оңай болуы үшін алдын ала көру терезесінде қолданылған стильдегі кестенің мысалын көруге болады. Таңдап алынған стильді редакциялау үшін Modify (Өзгерту) батырмасы пайдаланылады, ал жаңасын жасау үшін - New (Жасау). Бірінші және екінші батырмаларды басқан соң сіз стильді редакциялауды күйге келтіру терезесіне түсесіз.

New (Жасау) батырмасын басқан соң ең алдымен Create New Table Style (Кестенің жаңа стилін жасау) терезесі ашылады, ол жерге New Style Name (Жаңа стильдің атауы) алаңына стильдің атауын енгізу қажет, сондай-ақ, Start With (Мынадан бастау керек) алаңына соның негізінде құрылатын стильді таңдау қажет. Егер сіз әлі ешқандай жаңа стильді жасамасаңыз, онда өзіңіздің стильді жасау үшін тек Standard (Стандартты)-дан бастауыңызға болады. Стильді күйге келтіруге қол жеткізу үшін Contunie (Жалғастыру) батырмасын басу қажет.

New Table Style (Кестенің стилін құру) терезесі Modify Table Style (Кестенің стилін өзгерту) терезесі сияқты үш қосымша бетшеден тұрады.

General (Жалпы) қосымша бетшесі кестенің жалпы параметрлерін тапсыруға көмектеседі.

Fill color (Құйып бояудың түсі). Ұяшықтар өңінің түсін нақтылайды. Сіз берілген тізімнің ішінен қажетті түсті таңдауыңызға немесе осы аттас бөлімді таңдау кезінде ашылатын Select Color (Түсті таңдау) терезесін қолдана отырып, басқа түсті қолдан енгізуіңізге болады. Alignment (Тегістеу). Ұяшықтардағы мәтіннің тегістеу параметрлерін беруге көмектеседі. Тегістеудің тоғыз нұсқасы қолжетімді, олар осы дәрістің басында айтылған болатын.

Format (Формат) сөзінің қарсы жағында үш нүктесі бар батырма орналасқан. Егер оны басса, онда жоғарыда айтылған Table Cell Format (Кесте ұяшықтарының форматы) терезесі (5.11 сурет) ашылады.

Type (Түр) тізімі ұяшықтар мазмұнының түрін анықтауға көмектеседі. Бұл (Data) мәліметі немесе (Label) белгісі болуы мүмкін.

Margins (Өріс) аймағының параметрлері ұяшықтардағы мәтін үшін шегіністі көлденең және тік болуын тапсыруға көмектеседі.

Merge cells on row/column creation (бағандарды/жолдарды қосу кезінде ұяшықтарды біріктіру) жалаушасы бағандарды немесе жолдарды қосу кезінде ұяшықтарды біріктіруге көмектеседі.

Text (Мәтін) қосымша бетшесі мәтінді форматтауға қызмет етеді және келесі параметрлерді күйге келтірулерді жүзеге асыруға көмектеседі.

Text style (Мәтіннің стилі). Бұл тізімде мәтіндік стильді таңдауға болады, ол кесте ұяшықтарындағы мәтінді және сандарды безендіру кезінде қолданылады. Көпнүкте салынған батырманы басу арқылы сіз қажетті мәтіндік стильді жасауыңызға болатын Text style (Мәтіннің стилі) терезесіне түсесіз.

Text height (Мәтіннің биіктігі). Кесте ұяшықтарындағы мәтіннің биіктігін беруге мүмкіндік береді.

Text color (Мәтіннің түсі). Бұл тізім кестедегі мәтіннің түсіне жауап береді.

Text angle (Мәтіннің бұрышы). Бұл алаңда мәтіннің қисаю бұрышын көрсетуге болады.

Borders (Шекаралар) қосымша бетшесінде кестенің шекара параметрлері орналасқан. Бұл қосымша бетшенің мазмұны осы аттас Cell Borders Properties (Ұяшықтар шекарасының қасиеттері) терезесініндегі мазмұнға сәйкес.

Жоғарыда жазылған күйге келтірулерден басқа, үш қосымша бетшеде орналасқан кестенің жалпы күйге келтірулері бар.

New Table Style (Кестенің стилін жасау) терезесінің Starting table (Бастапқы кесте) аймағы жасақталатын кестенің негізіне алынатын кестені көрсетуге мүмкіндік береді. Кестедегі суреті бар батырманы және тышқанның сілтеуішін басу арқылы сіз қажетті кестені таңдай аласыз. Remove Table (Кестені жою) батырмасы ағымдағы стильдегі кестенің параметрлерін жоюға қызмет етеді. і әрпінің суреті бар батырмасын шерту арқылы осы диалогтық терезеге арналған анықтама бөлімі ашылады.

Table direction (Кестенің бағыты) параметрі кестенің бағдарына жауап береді. Үнсіз келісіммен Down (Төменге) мағынасы қойылған. Егер де Up (Жоғарыға) мағынасын таңдасаңыз, кесте төменнен жоғарыға қарай салынады, атауы мен тақырыбы төменде орналасады.

Cells styles (Ұяшықтардың стилі) ашылатын тізімі ұяшықтардың стилін таңдауға немесе жаңасын жасауға мүмкіндік береді.

Стильді күйге келтірудің барлық таңдауын жасап болған соң, жаңа кесте стилін жасау үшін ОК батырмасын басыңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. TABLEDIT бұйрығы қандай қызмет атқарады?

2. Data type алаңында бейнеленулердің пішімін анықтауға болатын, қандай мәліметтер типі орналасқан?

3. Кестенің стилі дегеніміз не?

4. Кестенің стилін құру терезесі неше қосымша бетшеден тұрады?