Тақырыбы: 3D - үлгілерін құру.

Мақсаты:Көлемді пішіндерді тұрғызумен танысу.

Кілттік сөздер: жәшік, цилиндр, тор, клин, конус, көлемді пішін, үшөлшемді нысан, қима.

Дәрістің қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар: Үшөлшемді үлгілерді құру. Параллелепипед. Үшөлшемді кеңістікте редакциялау.

 

Көлемді пішіндерді жобалау оларды тұрғызудан басталады. Көлемді пішіндерді тұрғызу кезінде BOX (жәшік), CYLINDER (Цилиндр), TORUS (Тор), WEDGE (клин), CONE (конус) қарапайымдары қолданылады, сондай-ақ арнайы тұрғызу әдістері де қолданылады. Олар: айналу денесі, сығылған дене, денелерді біріктіру, денелерді азайту, денелерді кесіп өту. Алдымен биіктігі бар жалпақ пішіндер құрылады, содан кейін көру нүктесі орнатылады. Пішін көлемді түрге келеді. Осыдан кейін көрінбейтін сызықтарды сығып, нысанға өң беруге болады.