Координаттар нүктесін енгізу тәсілдері

Бірінші тәсіл –тышқанның көмегімен жүреді.

Координаттар нүктесін пернетақтадан енгізу екінші тәсілі кеңінен тараған, Мысалы: 65,113.24

Берілген мысалда екі координатасы бар: Х=65 мм, Y=113.24 мм. Координатты пернетақтадан енгізуде үтір абсциссия мен ордината арасындағы бөлгіш болып, ал нүкте санның бүтін және бөлшек бөлігін айыру болып табылады. Енгізілген координаттар бүтін немесе нақты болуы мүмкін.

Нүктелерді енгізудің үшінші тәсілі болып, пернетақтадан декарттық координата түрінде салыстырмалы енгізу. Мысалы: @50,25.

Бұл жазбаның мағынасы, жаңа нүкте алдыңғы нүктеге қатысты ("@" символы анықтайды) Х өсі бойынша +50 мм жылжып (50 мм оңға бағытқа) және Y өсі бойынша +25 мм жылжып (25 мм жоғары бағытқа) беріледі. Бұл жердегі үтір координаттардың бөлгіші. Енгізілген сандар бүтін және нақты, оң, нөлдік және теріс болуы мүмкін.

Нүктелерді енгізудің төртінші тәсілі - пернетақтадан полярлық координата түрінде салыстырмалы енгізу. Мысалы: @33.5<45.

Бұл жазба түрінде үтір жоқ, бірақ бұрыштық белгі ретінде интерпретацияланатын "<" символы бар. Бұл мысалда жаңа нүкте алдыңғы нүктеге қатысты беріледі және олардың бір-бірінен жазықтықтағы ара қашықтығы 33,5 мм тең (бұрыш символынан сол жақтағы сан), ал алдыңғы нүктенің векторы абсцисса өсіне оң бағытпен 45 градустық бұрыш тұрғызады (бұрыш өзіміз берген бұрыштық бірлік бойынша өлшенеді). Ара қашықтық міндетті түрде оң болуы қажет, ал бұрыш кез келген сан болуға болады.

Нүктелерді енгізудің бесінші тәсілі –нысанның байланысу функциясы көмегімен жүреді.