Примитивтер

AutoCAD жүйесінде примитивтер деп аталатын кез келген сурет қарапайым бөлімдерге бөлінеді. Примитив қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Қарапайым примитивтерге кесінді, шеңбер, доға, эллипс, мәтін және т.б. объектілер, күрделілерге – полилиниялар, штрихтеу, өлшем жатады. Олар Сурет салу (Draw) құралдар тақтасында орналасқан.

 

Сурет 3. Сурет салу (Draw) құралдар тақтасы

Қарапайым примитив: Кесінді

Кесінді тұрғызудың 3 тәсілмен жүзеге асады:

· Сурет салу (Draw) құралдар тақтасындағы батырмасын басу;

· Бұйрық қатарына LINE бұйрығын енгізу;

· Сурет салу мәзірінен Кесінді бұйрығынан таңдау.

Опциясы:

Close (Жабу) –сынған кесіндіні жабу.

Undo (Болдырмау) –соңғы сызылған кесіндіні болдырмау.

From point-қа <ENTER>жауабы: бұл әрекет кесіндінің басын алдыңғы кесінді немесе доғаның соңымен біріктіреді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Координат нүктесін енгізудің қандай тәсілдерін білесіз?

2. AutoCAD –та қандай координат жүйелерінің түрлері қолданылады?

3. Сурет салу бұйрықтары қай мәзірде орналасқан?

4. AutoCAD жүйесінде қарапайым болып не табылады?