Болат өңдірудің оттегі конвертерлік тәсілі

 

Бессемерлік және томастық үрдістердің өнімділігі жоғары болғанмен, болат сапасы төмендеу болды. Болат сапасын арттыру жолында жүргізілген ізденіс пен ғылыми-зерттеу жұмыстары, негізді конвертерде сұйық шойынды оттегімен үрлеу мәселесін шешу керек екенін көрсетті. Үрлемені жоғарыдан беру үшін сумен салқындатылатын фурманың конструкциясы ойдағыдай шешілгенде, енді өндірістік деңгейге көшуге мүмкіншілік туды.