Конвертер пішіні

Конвертерді пішіні бойынша екі түрге бөлуге болады. Біріншісінде орталық цилиндрлік бөлікке үстінен симметриялы қиық конус жалғасып, астыңғы жағы жіңішкеріп келіп, сфералы түппен біткен (3.3, а сурет). Екіншісінде төменгі жіңішкерген бөлік жоқ, конвертердің орталық цилиндрлік бөлігіне сфералы түп жалғасқан (3.3, б сурет).

 

3.3 сурет – ЛД конвертері кескінінің сұлбасы