Конвертердің тыянақ белдігі

 

Конвертердің металконструкциясы қаптама мен цапфалы (2) тыянақ белдіктен (4) тұрады (3.6 сурет). Тыянақ белдіктің екі цапфасы подшипниктер (1) арқылы тұғырларға (10) бекітіліп, конвертердің айналуын қамтамасыз етеді.

 

 

3.6 сурет – Айналдыру механизмі екі жақты конвертер (300 т)

Алғашқы конвертерлердің цапфалары қаптамаға бекітілген болатын. Температура әсерінен қаптама деформацияланып, цапфалардың өсінде шалыстық пайда болып, подшипниктер мен тісті дөңгелектердің мерзімнен бұрын тозуы орын алды. Сондықтан қазіргі конвертерде цапфалар тыянақ белдікке бекітіліп, тыянақ белдік пен қаптама арасында саңылау қалдырылады.

Тыянақ белдіктің конструкциясы өзара бекітілген екі жарты қорапты сақина (1), цапфалық плиталар (2) және цапфалардан (3) тұрады (3.7 сурет). Цапфаларды соғу әдісімен жасаса, сумен салқындатылатын қорапты тыянақ белдікті пісіру әдісімен. Тыянақ белдікті қызудан, металл мен қож тамшыларынан қорғағышпен (3) (3.6 сурет) қорғайды.

 

 

3.7 сурет – Конвертердің тыянақ белдігі