Конвертер жетегі

Металл сынығын салу, шойын құю, болат пен қожды ағызу және т.б. технологиялық операцияларды орындау үшін конвертерді айналдыру қажет. Сондықтан цапфалар өсінің бойымен минутына 0,1‑1,5 айналым жасау үшін жетек қолданылады.

Конвертердің айналдыру механизмі бір және екі жақты болады. Сыйымдылығы 160 тоннаға дейінгі конвертерлердің айналдыру механизмі бір жақты, олардың бір цапфасы жетекпен қосылған (3.2 сурет). Сыйымдылығы үлкен конвертерлердің айналдыру механизмі екі жақты. 3.6 суретте айналдыру механизмі екі жақты көп қозғалтқышты 300 тонналық конвертер көрсетілген. Цапфаға бекітілген тісті дөңгелекті (7) алты электр қозғалтқыш редукторларымен (6) қозғалысқа келтіреді. Қозғалтқыштар тісті дөңгелектің корпусына (5) бекітіліп, демпферлермен (8) ұстатылған. Тісті дөңгелек корпусына да демпферлер (9) қолдынылады.

Аспалы көп қозғалтқышты жетектің өз артықшылықтары бар:

 

1) цапфа шалыстығының әсері жоқ;

2) бір қозғалтқыштың істен шыққанының жетек жұмысына әсері жоқ;

3) қозғалтқышты қосу және тежеу кезіндегі динамикалық жүктемелерді демпферлер төмендетіп механизмнің тозуын азайтады;

4) жетек массасы аз;

5) аспалы жетек жабдықтарын орналастыру ыңғайлы.