ЛД үрдісінің кезеңдері

 

ЛД үрдісі, бессемерлік және томастық конвертерлік үрдістермен салыстырғанда, әмбебап үрдіс. Жоғарыдан оттегімен үрлеу конвертерінде химиялық құрамы әр түрлі: мартендік, жоғары фосфорлы, ванадийлі, жоғары марганецті және т.б. шойындардан болат қорытуға болады. Дүниежүзілік практикада ЛД үрдісімен негізінен мартендік шойыннан болат қорытады [8].

ЛД үрдісімен мартендік шойыннан болат қорытудың негізгі операциялары (3.11 сурет) төмендегідей [5]:

1) скрапты салу (3.11, а сурет);

2) шойынды құю (3.11, б сурет);

3) жоғарыдан техникалық таза оттегімен үрлеу (3.11, в сурет);

4) сынама алып, металл мен қождың құрамын анықтау;

5) балқыманы ағызып, берілген құрамға жеткізу (3.11, г сурет);

6) қожды ағызу (3.11, д сурет).

Мартендік шойыннан болат алу операцияларының жобаланған ұзақтығы, конвертер сыйымдылығына қарай, 3.2 кестеде келтірілген.

Болат қорыту уақыты 30-40 минуттай болған соң, конвертерлік цех жоғары өнімділігімен ерекшеленіп, онда 2 немесе 3 конвертер орнатылады.

Болат өндірудің дүниежүзілік практикасында жаңа конвертерлік цехты, болатты үздіксіз құю қондырғысымен бірге жобалау басты бағыт болып табылады.

3.11 сурет – ЛД үрдісінің негізгі операциялары

 

3.2 кесте – Балқыма операцияларының уақыты [15]

 

Операция атауы Конвертер сыйымдылығы, т
операция ұзақтығы, мин
Скрапты салу
Шойынды құю
Балқыманы үрлеу
Сынама алу және оның нәтижесін күту. Температураны өлшеу.
Металды ағызу
Қожды ағызу
Конвертерді қарау мен дайындау және есепке алынбаған жоғалтым
Балқыма ұзақтығы