Рдістің техника-экономикалық көрсеткіштері

 

Конвертерлік цехтың неғұрлым өнімділігі мен шеген төзімділігі жоғары, 1 т жарамды болатқа шойын мен отқатөзімділер шығыны төмен, жарамды металл шығымы жоғары және болат құны төмен болса, соғұрлым техника – экономикалық көрсеткіштері жоғары.

Цехтың жылдық өнімділігі (құйылма, т) анықталады [6]

 

А=1440М·a·n/100·t (3.12)

 

мұндағы

М – металдық шикіқұрамның массасы, т;

а – жарамды құйылма шығымы,

n – бір жылдағы жұмыстық тәулік саны;

t – балқыма ұзақтығы, минут;

1440 – бір тәуліктегі минут.

Балқыма уақыты үрлеу ұзақтығы және қосымша операциялардың (скрапты салу, шойынды құю, балқыма құрамын анықтау, металл құрамы мен температураны реттеу, металл мен қожды ағызу) ұзақтылығымен анықталады.

Егер цехтағы 3 конвертердің екеуі жұмыс істеп, біреуі жөндеу жұмыстарында тұратын болса, бір жылдағы жұмыстық тәулік саны 365 деп алынады.

Жарамды құйылма шығымы балқыманы үрлеу кезіндегі металл жоғалтымы мен құйылманы алу тәсілдеріне (жоғарыдан, сифондық) байланысты, металдық шикіқұрамның 88-91%-ын құрайды.

Конвертерлік цехтың жылдық өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар:

1) конвертер сыйымдылығы мен саны;

2) цех жұмысының жылдық уақыт қоры;

3) балқыма ұзақтығы;

4) болатты үздіксіз құю бөлімшесімен технологиялық байланыстың тиімділігі.

Цехта 1 немесе 2 конвертер үздіксіз жұмыс істеп, 1 конвертер резервте тұрғанда, конвертерлік цехтың жобалы жылдық өнімділігі 3.5 кестеде көрсетілген.

 

3.5 кесте – Конвертерлік цехтың жылдық өнімділігі [15]

 

Конвертер саны: Барлығы/жұмыстағысы Конвертер сыйымдылығына қарай (т) цехтың өнімділігі, млн. т/жылына
2/1 5,8 4,6 3,2 2,6
3/2 11,6 9,2 6,4 5,2

 

Сонымен, конвертерде мартендік шойынды жоғарыдан оттегімен үрлеп, болат қорытудағы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер:

Конвертер сыйымдылығы, т ............................... 100-350

Балқыма ұзақтылығы, мин .................................... 30-40

Үрлеу уақыты, мин ................................................ 15-20

Шойын шығыны, % ................................................ 70-80

Скрап шығыны,% .................................................... 20-30

Оттегі шығыны, м3/т болатқа ................................. 50-57

Әк шығыны, % ........................................................... 6-9

Оттөзімділер шығыны, кг/т болатқа ........................ 2-4

Жарамды металл шығымы, % ................................. 88-91