рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Кесек әкті қолданып фосфорлы шойыннан болат қорыту

Кесек әкті қолданып фосфорлы шойыннан болат қорыту - раздел Промышленность, БОЛАТ ӨНДІРУ   Қазіргі Кезде Оттегілі Конвертерлерде, Жоғары Фос...

 

Қазіргі кезде оттегілі конвертерлерде, жоғары фосфорлы шойыннан, сұрыпталған кесек әкті қолдану арқылы болат қорыту технологиялары игерілген. Болат алу технологиясының бір-бірінен айырмашылықтары: болат қорыту конвертерлерінің конструкциясында, қожды неғұрлым ерте түзу және оны жаңғырту тәсілінде.

ЛДП үрдісі. 1956 жылы Помпе (Франция) және Рейнхаузен (Германия) зауыттарының ЛД конвертерінде, томас шойынынан болат қорыту іске асырылды. Болат қорыту технологиясының негізгі ерекшеліктері: алдыңғы балқыманың соңғы қожын және ірілігі 30 –50 мм сұрыпталған кесек әкті пайдалану.

Балқыма екі кезеңге бөлінеді:

1) фосфатты қож алу;

2) сапалы болат қорыту.

Конвертерде қалдырылған қожға (10% P2O5; 30% FeO; 50% СаО) барлық әктің 20-25%-ын салып, температурасы 1200-1250оС жоғары фосфорлы (1,5-2,0%) шойынды 4-5 минутт ішінде ақырын құйып, конвертерді вертикаль қалпына келтіреді. Содан соң фурманы түсіріп, шойынды техникалық таза оттегімен үрлеу басталады. Конвертерге темір кенін мерзімді сала отырып, 10-минутта фурманы көтеріп, балқыманы жұмсақ үрлеу кезінде, балқымаға әкті сала бастайды (20%). Жұмсақ үрлеу кезінде қождағы FeO мөлшері артып, әктің еруі жеделдейді.

Балқыманың температурасы 1550-1600оС-ға көтеріліп, металда 0,8-1,0% С және 0,2% Р қалғанда үрлемені тоқтатып, құрамында 20-25% Р2О5, 10% FeO, 50% CaO бар аралық фосфатты қожды ағызып алады.

Балқыманың екінші кезеңі конвертерге 10-15% болат сынығын салып, фурманың жоғары деңгейінде оттегі үрлеуден басталады. Конвертерге 6-7% әк пен 1,0-1,5% темір кенін салумен жаңа қож түзе бастайды. Екінші кезеңде барлық әктің 55-60%-ы жұмсалады. Балқыманың көміртегісі 0,10%-дан төмендегенде үрлемені тоқтатады. Болаттағы фосфор мөлшері 0,02-0,03% болса, азот – 0,002-0,003%. Осы технология бойынша көміртекті қайнау, тынық және төмен қосындылы болаттар қорытылады.

Қарметкомбинат технологиясы. Теміртау қаласындағы (Қарағанды облысы) металлургиялық зауыттың конвертерлік цехында сыйымдылығы 300 тонналық 3 ЛД конвертері орнатылған.

Конвертердің негізгі өлшемдері [17]:

- қаптаманың жалпы биіктігі .................................. 10625 мм;

- қаптама цилиндрлік бөлігінің диаметрі ............... 8600 мм;

- шегені бойынша конвертердің ішкі диаметрі ...... 6610 мм.

Фосфоры 0,8-1,1% шойыннан кесек әкті қолданып, конвертерлік болат қорыту технологиясы өткен ғасырдың 70-жылдарының бас кезінде игерілді.

Конвертерде қалдырылған алдыңғы балқыма қожын 4-6 т доломит немесе әк салып қоюлатқан соң, 85-100 т скрап салынады. Барлық жұмсалатын әктің 20-40%-ын салып, фосфорлы шойынды (240-250 т) құйып, оттегілік фурманы түсіріп, шойынды үрлеу басталады [17]. 15-16 минуттай балқыманы үрлеп, барлық оттегінің 70-80%-ы жұмсалған соң (14000 м3 және одан жоғары), аралық қожды (6-10% Р2О5; 8-12% FeO) ағызып алады. Бұл кезде балқыма құрамында 0,3-0,8% С болса, температурасы 1540-1580оС.

Балқыма екінші кезеңінің ұзақтылығы 5-6 минуттай. Шөмішке ағызар алдында балқымада 0,04-0,09% С; 0,010-0,020 % Р бар. Қождың негізділігі 3-4. Соңғы қождағы Р2О5 мөлшері 5-7%, FeO – 18-25%.

Бүгінгі күні конвертерлік цехта төмен (<0,3%) және фосфоры жоғарылау (>0,4%) шойыннан төмен, орташа және жоғары көміртекті, коррозияға төзімді, құбырлық, электртехникалық, төмен қоспалы және т.б. болат маркалары қорытылады [17].

Шикіқұрамдық материалдарға (шойын, скрап, қожтүзгіш материалдар) қойылатын талаптар зауытта қабылданған техникалық шарттарға сәйкес. Жоғары категориялық әкке қойылатын талаптар: CaО90%, SiO22%, MgO3%, S0,04%, P0,02%; қыздыру кезіндегі жоғалтым 7%; реакциялық бейімділік 3 минут. Жұмсақ күйдірілген жоғары категориялық доломитке қойылатын талаптар: CaO58%, MgO35%; қыздыру кезіндегі масса жоғалтымы 3%.

Балқыманы шөмішке ағызып алған соң, конвертерді келесі балқымаға дайындау жұмыстары басталады. Алдыңғы балқыма қожын (70-100%) конвертерде қалдырғанда, қожға әк (30%-ға дейін) және доломит салынады. Алдыңғы балқыманың қожынан конвертер қабырғасына гарниссаж жасау көзделсе, әк, доломит, керек болған жағдайда коксик салу арқылы, қожды мына құрамға жеткізеді: CaO40%, SiO221%, FeO12-13%, MgO7%. Содан кейін конвертерді вертикаль қалыпқа әкеліп, фурманы 0,9-1,0 м-ге дейін (тыныш күйдегі металл деңгейінен есептегенде) түсіріп, тазалығы 93% азотты 700 м3/мин шығынмен 7 минуттей үрлейді.

Шеген қабырғасына қождан гарниссаж жасалған соң, скрапты (~30%) салып, үстіне шойынды құяды. Скраппен шойынның жалпы салмағы компания басынан шеген төзімділігіне қарай 325±5 т. Температурасы 1320-14000С («Positherm» жүйесінің өлшеуіш құралдарымен анықталған) шойынды құйған соң, 4 немесе 5 соплолы фурманы конвертерге түсіріп, техникалық таза оттегіні (99,5%) 1,4 МПа қысыммен үрлеу басталады. 4 және 5 соплолы фурманың межелі қимасы мен α бұрышы сәйкес 43; 49 мм және 14; 130.

ЛД конвертерінде болат қорыту бір қожды және екі қожды (аралық қожды ағызу арқылы) үрдіспен жүргізіледі.

Бір қожды үрдіс. Фосфоры 0,3%-ға дейін, күкіртті 0,030%-дан жоғары емес және фосфоры 0,4%-ға дейін, күкіртті 0,025%-дан көп емес шойындардан фосфоры 0,025%-дан жоғары болат қорыту бір қожды үрдіспен жүзеге асырылады.

Балқыманы үрлеу фурма биіктігі мен оттегі шығынын сатылы режіммен өзгерту арқылы жүргізіледі:

1) 4 соплолы фурманы қолданғанда, шойынды үрлеу 4,0-4,5 м биіктегі (БД-40Н/ВИП2 өлшегіші) фурмадан 750-850 м3/мин (ДМ-СВФС оттегі шығынын өлшегіші бойынша) оттегі беруден басталады. Содан соң фурманы 3,0-2,0 м-ге сатылы төмендетіп, үрлеме қарқындылығын азайтады (650-750 м3/мин). 5-7-минутта фурма 1,5-1,8 мге төмендетіліп, үрлеме ұзақтылығының жартысындай уақытта 600-700 м3/мин оттегі беріледі. Үрлеменің соңғы 3-4 минутында фурма 1,3-1,6 м-ге түсіріліп, оттегі қарқындылығын біраз жоғарылатады (700-750 м3/мин).

Қожтүзгіш материалдарының қалған бөлігін балқыманы үрлеу барысында бөліп салып отырады. Әкті 1-2 тоннадан бөліп салуды, балқымаға 5000-6000 м3 оттегі берілген соң бастап, 3 минут уақыт қалғанда доғарады. Доломитті (2-4 т) бөліп салуды үрлеменің бітуіне 5 минут қалғанда доғарады.

Қожтүзгіш материалдардың мөлшері болат маркасына қарай қождың негізділігін 3,2-3,8 арасында қамтамасыз етуі керек. Мысалы, төмен көміртекті болат маркаларын (08 кп, 08 пс) қорытуда 22-23 т әк пен 12-16 т доломит (жартысы күйдірілмеген) жұмсалады. Фосфоры 0,3%-ға дейінгі шойыннан болат алуда қож негізділігі (СаО)/(SiO2) қатынасымен анықталса, фосфор мөлшері 0,3%-дан жоғары болғанда, қож негізділігі (СаО)/(SiO2+P2O5) қатынасымен есептелінеді.

2) 5 соплолы фурманы қолданғанда, биіктігі 4,0-4,5 м фурмадан 800-850 м3/мин оттегі беріле бастайды. Содан кейін фурманы сатылы 3,0-2,0 м-ге түсіреді. Үрлеменің 5-7-минутында оттегі шығыны минутына 650-750 м3-ге төмендетіліп, фурма биіктігі 1,5-1,8 м болады. Соңғы 2-3 минут ішінде фурманы 1,2-1,4 м-ге төмендетіп, енді оттегі шығынын жоғарылатады (800-850 м3/мин).

Балқыманы үрлеуді тоқтату есептелген оттегі мөлшерінің бітуімен (YFCT ЗАА4-А2J·B оттегі шығынын есептегіші) және конвертерлік газдың құрамы (ЭМГ-20 газ анализаторы бойынша) ескеріліп аяқталады. Содан кейін металл мен қождың сынамалары алынады. Металл сынамасында C, Mn, P, S, Cr, Ni және Cu мөлшері анықталады. Тапсырыста қосымша V, Pb, As, N мөлшерін анықтау көрсетілуі мүмкін. Қожда CaO, SiO2, MgO, P2O5, Feжалпы, FeO мөлшері анықталады. Металл температурасы «Multi-Lab Celox» құрылғысымен өлшенеді. Металдағы оттегі активтілігі мен көміртегі мөлшері «Positherm» және «Celox» зондтарын қолдану арқылы анықталады.

C, P, S мөлшерін немесе температураны реттеу керек болған жағдайда, балқыманы қосымша үрлеу ұйымдастырылады. Балқыманы шөмішке ағызар алдында металл температурасы (1600-16700С) мен тотығушылығы «Celox» зондымен анықталады.

Оттегісіздендіру мен қосындылау болат маркасына байланысты балқыманы шөмішке ағызу (6-10 мин) кезінде орын алады.

Қорытылған болат (Р0,025%) дайындаманы үздіксіз құю мәшинесі бөлімшесіне жеткізіледі. Бір қожды үрдіспен көміртекті (08 кп, 08 пс, 3 сп, 3 пс), төмен қосындылы (09Г2С, 20ГЮТ) және т.б. болаттар қорытылады.

Екі қожды үрдіс. Фосфоры 0,4%-дан жоғары немесе күкірті 0,030%-дан жоғары шойыннан болат қорыту екі қожды үрдіспен жүргізіледі.

Балқыманы үрлеуге, бір қожды үрдістегідей, 4 және 5 соплолы фурмалар қолданылады. Балқыманы оттегімен үрлеу үрдісінде, фурма биіктігінің сатылы өзгеруі екі фурма үшін де бірдей болса, оттегі қарқындылығында өзгешеліктер бар.

Үрлеме 4 соплолы фурма үшін 800-850 м3/мин оттегі беруден басталып, фурма биіктігі алғашқы минуттерде сатылы 4,0-3,0 м-ден 1,5-1,8 м-ге түсіріліп, негізгі үрлеме уақытында оттегі шығыны минутына 650-750 м3-ден 600-700 м3/мин азайтылып, аралық қожды ағызуға дейін тұрақты сақталады.

Аралық қожды ағызу үрлеме уақытының 70% өткен соң басталады. Бұл кезде барлық оттегінің 60-70% жұмсалып, балқыманың көміртегісі 0,5-1,0%-ға дейін төмендеп, температурасы 1500-15800С-ға көтеріледі. Аралық қожды ағызып алған соң, металл сынамасын алып, оның құрамын анықтайды әрі температурасын өлшейді.

Балқыманың екінші кезеңінде фурма сатылы 1,8-2,1; 1,4-1,8; 1,3-1,5 м-ге төмендетіліп, оттегі шығыны негізінен 700-750 м3/мин болады. Екінші кезеңдегі үрлеу уақыты жалпы үрлеме ұзақтылығының 30%-ындай. Қожтүзгіш материалдардың негізгі бөлігі (30% + балқыма барысында бөліп салу) бірінші кезеңде салынған, енді екінші кезеңде әк пен доломиттің қалған бөлігін 2 рет бөліп салады.

5 соплолы фурманы қолданғанда, үрлеме ұзақтылығының 30%-дай уақытында оттегі шығыны 800-850 м3/мин болса, 50%-дай уақытында біраз төмендетіліп (650-750 м3/мин), соңында қайтадан алғашқы қарқындылыққа көтеріледі.

Цехта фосфоры жоғарылау шойыннан болат қорытылатындықтан, конвертерлік балқыманы шөмішке ағызуда, қождан металға фосфордың қайтадан өтпеу шаралары қарастырылады. Сондай шаралардың бірі – балқыманың соңғы қожын қоюлату. Үрлемені тоқтатуға 1,5-2,0 минут қалғанда конвертерге 0,3-1,0 т коксик пен 1,0-4,0 т әк (немесе доломит) салады.

Балқыманы шөмішке ағызу кезінде, болатты әк пен алюминий және ферроқорытпалардан (болат маркасына қарай) тұратын қоспамен рафинирлейді.

Цехта екі қожды үрдіспен зиянды элементтері (P, S) төмен келген, жауапты болат маркаларының барлығы қорытылады.

Кесек әкпен жоғары фосфорлы шойыннан фосфоры төмен болат алудың өзіндік қиындықтары болып, балқыманы 0,04-0,06% көміртегіге дейін аса үрлеуге тура келеді. Балқыма фосфорының төмендеуі қож түзілу үрдісімен, яғни әктің қож фазасына өту жылдамдығымен тікелей байланысты. Әктің қожда еруі, оның сұйық қож фазасымен жанасу ауданына тура пропорционал. Ұнтақ тәріздес (1мм) әкті қолдану, оның қожбен жанасу ауданын ұлғайтып, фосфорсіңірімді әк-темірлі қождың түзілу үрдісін жеделдетеді.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

БОЛАТ ӨНДІРУ

На сайте allrefs.net читайте: БОЛАТ ӨНДІРУ. Е Б С леймен...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Кесек әкті қолданып фосфорлы шойыннан болат қорыту

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ТӘСІЛІ
  Астана   ӘОЖ 669.184 КБЖ 34.51я7 С90

Алғы сөз
  Металдар мен қорытпалар өндіруді қарастыратын ғылым мен техника және өндіріс саласын металлургия деп атайды. Металлургия тарихи қара ж|

Балқыма фазаларының беттік құбылысы
Болат қорыту үрдісінде фазалардың беттік құбылысының маңызы зор. Көптеген үрдістер гетерогенді реакцияларға негізделіп, бір фазаның

Ождың құрылысы мен қасиеті
Конвертерлік болат қорыту үрдісінде шойын мен скрап элементтері тотығып, қожтүзгіш және басқа қосымша материалдар қож түзілу үрдісі

Болат қорыту үрдісінің негізгі реакциялары
Элементтердің тотығу реакцияларын қарастырғанда, олардың тепе-теңдік константасының мәнін пайдаланады. Ал нақты болат қорыту үрдісі

Болаттағы газ
Болат қорыту барысында газдар (оттегі, сутегі, азот) металл фазасына өтеді: 1) шикіқұрамдық материалдардан; 2) агрегат атмосферасы мен үрлемеде

Болаттағы металл емес кірінділер
Металл емес кірінділер деп металдардың (Fe, Si, Mn және т.б.) металл емес элементтермен (O, S, N, H, P) болаттағы қосылыстарын айтады. Олар болаттың механикалық,

Балқыманы оттегісіздендіру және қосындылау
Болат қорыту үрдісі – тотықтану үрдісі болғандықтан, балқымада едәуір оттегі ериді. Сұйық болатта оттегі ерітінді және оксидті кірі

Балқыманы оттегісіздендіру
Болат сапасы, оның физика-химиялық және эксплуатациялық қасиеттері, металл емес кірінділердің, зиянды элементтердің және еріген газдардың м

Балқыманы қосындылау
Белгілі бір механикалық немесе физика-химиялық қасиет беру үшін қосынды элементтерді (Si, Mn, Cr, Ni және т.б.) қосу арқылы алынатын болатты қо

Түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту үрдісі
Конвертерлік үрдістер бір бірінен конвертер шегенінің түрі, шойынның химиялық құрамы (2.1 кесте), оны үрлеу тәсілі, үрлеме оттегісіні

Болат қорытудың бессемерлік үрдісі
  Конвертерлік болат қорыту тәсілін алғаш 1855-жылы ұсынған Г. Бессемер. Болат қорыту агрегатын ол конвертер деп атап, шегені ретінде сол кездегі ж

Болат қорытудың томастық үрдісі
  Батыс Европа елдерінде (Англия, Франция, Бельгия, Люксенбург, Германия, Швеция және т.б.) фосфорлы темір кенінің мол қоры болуы, кеннен алынатын жоғары фосфо

Болат өңдірудің оттегі конвертерлік тәсілі
  Бессемерлік және томастық үрдістердің өнімділігі жоғары болғанмен, болат сапасы төмендеу болды. Болат сапасын арттыру жолында жү

Болат қорытудың LD үрдісі
  1952-жылы Австрияның Линц, 1953-жылы Донавиц қалалары металлургиялық зауыттарының алғашқы өндірістік конвертерінде, мартендік шойынды техни

Конвертер құрылысы
  ЛД конвертерінің шегені оттөзімді негізді материалдан, қаптамасы қалың болат қаңылтырдан жасалған, горизонталь өс бойымен айнал

Конвертер пішіні
Конвертерді пішіні бойынша екі түрге бөлуге болады. Біріншісінде орталық цилиндрлік бөлікке үстінен симметриялы қиық конус жалғасып, астыңu

Конвертер қаптамасы
  Конвертертер қаптамасын қалың болат қаңылтырдан негізінен пісіру әдісімен тұтас немесе түбін алынбалы етіп жасайды. Сыйымдыл

Конвертердің тыянақ белдігі
  Конвертердің металконструкциясы қаптама мен цапфалы (2) тыянақ белдіктен (4) тұрады (3.6 сурет). Тыянақ белдіктің екі цапфасы подшипниктер (1) ар

Конвертер жетегі
Металл сынығын салу, шойын құю, болат пен қожды ағызу және т.б. технологиялық операцияларды орындау үшін конвертерді айналдыру қажет. Сонды

Конвертер шегені
Балқыманың қарқынды араласуынан, үрдістің жоғарғы температурасынан, конвертерді айналдыру кезіндегі инерциялық күштерден, металл мен

Шикіқұрамдық материал
  ЛД үрдісінің шикіқұрамдық материалдарын металдық және металл еместік деп екі топқа бөледі. Шикіқұрам материалыны

Балқыманың үрлеме режімі
Үрлеме режімінің конвертердегі физика-химиялық үрдістің динамикасына, технологиялық үрдістің өрбуіне және агрегаттың техника-эконом

Оттегілік фурма
Конвертерге құйылған шойынды жоғарыдан оттегімен үрлеу үшін көп соплолы фурма қолданылады. Фурманы жоғарыдан 0,1-1,0 м⁄с жылдамдықп

Оттегілік үрлеменің аэродинамикасы және гидродинамикасы
  Оттегі фурма соплосынан өте тез өтетіндіктен, сыртқы ортамен жылу алмасу орын алмайды деп есептелінеді. Лаваль типті соплодан оттегінің шығу жылдамды&#

ЛД үрдісінің кезеңдері
  ЛД үрдісі, бессемерлік және томастық конвертерлік үрдістермен салыстырғанда, әмбебап үрдіс. Жоғарыдан оттегімен үрлеу конвертер

Балқыманың салқындатқышы
  Конвертер балқымасын аса қыздырып алмау үшін (1600-16500 С), шикіқұрамға салқындатқыш материал (скрап, темір кені жә

Балқыманың шойыны және қожтүзгіш материалы
Шойын.Шойын домна цехынан шөмішпен миксерлік бөлімшеге жеткізіледі немесе миксерлі типті шөмішпен – конвертер цехына. Миксер (3.13 сурет) арқылы ж&

Конвертер балқымасын жоғарыдан оттегімен үрлеу
  Сұйық шойынды үрлеу үшін жоғарыдан фурманы (12) конвертер кеңістігіне түсіріп (3.12 сурет), техникалық таза оттегіні (99,5%) 1,0-1,5

Балқыманы берілген құрамға жеткізу
  ЭЕМ-да анықталған керекті оттегі мөлшері біткен соң, балқыманы үрлеуді тоқтатып, оны берілген болат құрамына жеткізу операциясы

Балқыманың жылулық сипаттамалары
  ЛД үрдісі балқымасының температуралық режімі сұйық шойынның температурасы мен химиялық құрамы, салқындатқыш м

Балқыманы үрлеу кезіндегі металл жоғалтымы
  Конвертерлік балқыманы оттегімен үрлеу барысында металл жоғалтымы орын алады. Элементтердің жануы. Үрлеме (оттегі) әсер

Болат сапасы
  Болат сапасы негізінен химиялық құрамымен, зиянды элементтердің (Р, S), газдардың (оттегі, азот, сутегі) және металл емес кірінділердің (ок

Конвертерлік газды тазалау
  Жоғарыдан оттегімен үрлеп болат қорыту барысында, 70-80 м3/т шойынға конвертерлік газ түзіледі. Конвертерлік газ негізінен көміртегіні

Конвертерлік үрдісті автоматтандыру
  Конвертерлік болаттың сапасы және оның техника-экономикалық көрсеткіштері үрдістің автоматтандырылу дәрежесімен анықталады. Тех

Болатты құю тәсілдері
  Қорытылған болатты құйып, сапалы құйылма алу болат өндірудің маңызды бір кезеңі. Болатты құюдың

Рдістің техника-экономикалық көрсеткіштері
  Конвертерлік цехтың неғұрлым өнімділігі мен шеген төзімділігі жоғары, 1 т жарамды болатқа шойын мен отқатөзімділер шығыны

Нтақ тәрізді әкті қолданып жоғарғы фосфорлы шойыннан болат қорыту
  Батыс Европа елдерінде ұнтақ әкті пайдаланып, фосфорлы шойыннан оттегілі конвертерде болат қорытудың бірнеше варианты жүзеге асырылды. Болат

Екі өстің бойымен айналатын конвертерде болат қорыту
Кал-До үрдісі.Швецияның Домнарвет зауытының айналмалы конвертерінде шойыннан болат қорыту үрдісін ашқан Каллинг. Конвертер горизонтқа 17-2

Ванадийлі шойынды ЛД конвертерінде үрлеу үрдісі
  Ванадиймен табиғи қоспаланған темір кендерінен алынған шойыннан болат қорытуда ванадийді де алу көзделеді. Өйткені ванадий – бағалы &

Жоғары марганецті шойынды ЛД конвертерінде үрлеу үрдісі
  Атасу (Қазақстан), Кремик (Болгария) және т.б. кен орындарының табиғи қоспаланған темір кендерінен алынған шойында марганец мөл

Түптік оттегі үрлеме конвертерінде болат қорыту
  20-ғасырдың 40-жылдарында бессемер конвертерінде ауа орнына оттегі үрлемесін қолданғанда, конвертер түбінің тез істен шыққаны б

Комбинациялық үрлеу конвертерлік үрдісі
  Жоғарыдан және түптік оттегі үрлеме конвертерлерінде болат қорыту үрдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау негізінд

Балқыманы конвертерден тыс өндеу
  Дүниежүзілік конвертерлік болат өндіру практикасы химиялық құрамы және мөлшері әр түрлі шойындарды пайдаланумен, конверте

Пайдаланылған әдебиет
  1. Борнацкий И.И. Основы физической химии.- М.: Металлургия, 1989.- 320 с. 2. Толымбеков М.Ж. Болат балқыту өндірісінің негіздері. 1 бөлім.- Алматы:

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги