Жидебай кесенесі

Авторы, құрылысшысы, тарихи құрылуы жайында мәлімет жоқ.

А. Итенов басқарған «Казпроектреставрация» сәулетшілер институтының тобымен зерттелген.

Жидебай кесенесі Нұра өзенінен 50 шақырым жерде орналасқан. Күмбезді, кірпіштен жасалған, кірпіштің өлшемі 32х21х7см. Қабырға қалыңдығы –82см.

Кіреберіс төмен орналасып, оңтүстікке бағытталған.

Кесенеден 50 шақырым жерде, батыс жағында құлпытас орналасқан, гранитті тастан жасалған. Тас өлшемі - 40х9см., биіктігі – 1,50м. «Кожа-Назар 1575-1645 улы ДОС батыр немересі. Кожа-Назар улы Жидебай батыр ескерткіш орнату – Шауранғыс Еултангуров Жомартбек» деген сөздер тасқа ойылып жазылған.Жидебай кесенесі

 

АТОМ КӨЛІ

 

Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын екі өзеннің түйісер тұсында, 1965 жылдың 15 қаңтарында жер асты жарылысы болды. Осының салдарынан атақты Атом көлі пайда болды.

 

 

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы атом көлі. Шығыс Қазақстан облысы, 22 тамыз 2009 жыл.

Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының бір буклетінде осы нысанға қысқаша сипаттама берілген: «Қуаттылығы 140 килотонна жарылыс жасалды. Осының салдарынан тереңдігі 100 метрден асатын, диаметрі 400 метрлік шұңқыр пайда болды. Атом көлі аумағында топырақтың радионуклидтік ластануы солтүстік бағытта 3-4 шақырымға дейін байқалады.

 

Семей қаласының тұрғыны Раиса Құрманғалиева Азаттық радиосына былай деді:

 

– Бізге осы көлден балық әкелетіні есімде. Оның үлкен, тәбетіңді тартатыны соншалық, адамдар оны әп-сәтте талап әкететін. Ол кездері тұрғындар бұл көлдің балығын жақсы көретін. Атом көлінің балығын сатып алу үшін үлкен кезекке тұруға тура келетін. Біз сол кездері ешқандай радиация туралы ойламайтынбыз да. Міне, мен 80 жасқа келдім, әлі тірімін.