Азақстан халықаралық қатынастар жүйесінде. Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

Қазiргi халықаралық қатынастардағы негiзгi тенденциялар және халықаралық саясаттың қағидалары. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің ж/е басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан 3 ұғым бар.лар – сырткы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар ж/е т.б арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар ж/е оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.Бұл айырмашылықтар,біріншіден, халықаралық қатынастарға атысушылардың, оларды іске асырушылардың көбеюіне байланысты.Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар ж/е т.б мемлекеттік емесұйымдар қатысады.