Саяси мәнез-құлық: ұғымы, түрлері.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:А) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;Ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;Б) саяси тдеология мен саяси ілімдерді жасау;В) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т.б.;Г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;Д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;Е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;Ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;И) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараттары үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т.т.Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту; орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

49. Саясаттанудың әдістері.Саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Саясаттану пәнін зерттеу барысындағы олардың кажеттілігі саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні мен әдістерінің өзара тығыз байланыста екендігімен анықталынады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттанудың саяси білімдер жүйесінде біріктіруші мәртебесіне ие екендігін жоғарыда айтып өттік. Ол саяси білімдердің әр түрлі салаларын жалғастыратын көпір іспетті және ол олардың бәріне ортақ негіз — саяси шынайылықты тұтастық ретінде зерттейді.Осыған орай, саясаттану пәні саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу нысанымен үйлесетіндіктен, оның қарастырып отырған заңдылықтары саяси білімдердің басқа салаларына қатынаста олардың жалпытеориялық негізі бола отырып, белгілі бір методологиялық рөл атқарады. Сонымен қатар, саясаттану қоғамның саяси сферасындағы институттарды, саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін зерттеумен айналысуға, осы іс-әрекеттің ұйымдасуының, әдістерінің, құралдарының формаларын сараптауға, оның нәтижелерін бағалауға міндетті.

Саясаттанудың алдында тұрған осы міндеттер жүйесі саясат методологиясы мен теориясы, саяси институттар мен саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін зерттеу тәрізді белгілі бір құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олар да өз кезегінде саясаттану әдістерінің әрқилылығын анықтайды.