Тоталитарлық саяси режим: ұғымы, негізгі сипаты.

Тоталитарлы саяси тәртіп.Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жургізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Ол барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін билік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың християндық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.

38. Тура (идентитарлық) демократия: ұғымы, сипаты..Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің түрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, асқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабыдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі