Діс-тәсілдері

Қарама-қайшылық.Оппозицияның тұрпатына сәйкес, оның саяси қызметінің әдіс-тәсілдері де қалыптасады: белгілі бір саяси топтың билік жүйесін сынауынан заңсыз жағдайда тұрған партиялар мен қозғалыстар тарапынан жасалатын саяси лаңкестік пен зорлық-зомбылыққа дейін. Саяси жүйеде нәтижелі қызмет ететін құрылымдық тұрпаттағы Оппозиция ресми үкіметті бақылауда ұстап тұруға тырысады, өзінің “көлеңкелі үкіметін” құрып, қоғам өмірінің маңызды мәселелері жөнінде баламалы ұсыныстарды әзірлейді, үкіметтің жекелеген мүшелерінің, әкімшілік басшыларының өнегесіз қылықтарын жария етеді.

Қауым–рулық-туыстық байланыстар негізінде пайда болған әлеуметтік ұйымдастық. Қауым ортақ мүдделер, ортақ құқықтар мен міндеттері біріктірген әрі бірыңғай заңдарға бағынатын адамдардан құралады. Рулық, отбасылық, көршілік болып жіктеледі.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынастары көрініс береді.Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Саяси жүйенің төртінші саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс- әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

 

ҚҚҚҚҚҚҚ

Қоғамның саяси жүйесi: мәні және құрылымы.қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, элеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Зерттеушілер саяси жүйенің мынандай негізгі төрт бөлігін атайды: 1)саяси институттар; 2)саяси қатынастар; 3)саяси ережелер; 4)саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік:Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар-саяси партиялар. Олар мемлекттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.