Оғамдық-саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны мен ролі.

Қоғамның саяси жүйесiндегi орны және мемлекеттiң рөлi. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады.Қоғамдық-саяси қозғалыс үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады:2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жана Өзендегі (1989) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко(Актау) қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді:3)ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болып табылады.Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жанарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Саяси қозғалыстар бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.

135. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.