рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

C. дроперидол

C. дроперидол - раздел Медицина, Стоматология оқу клиникалық департаментінің ББК м.ғ.к D. Натрий Оксибутираты E. Гексенал   1101. Та...

D. натрий оксибутираты

E. гексенал

 

1101. Тамыр ішілік наркозда қолданылады:

A. калипсол

B. фторотан

C. азот қышқылы

D. циклопропан

E. трихлорэтилен

 

1102. Бет жақ аймағын жансыздандырудағы 2% лидокаин ерітіндісінің жоғарғы бір жолғы көлемін құрайды: :

A. 100мл

B. 10мл

C. 30мл

D. 40мл

E. 50мл

 

1103. Жоғарғы жақ нервісінің бас қаңқасынан шығатын жолы

A. Шүйде тесігі

B. Сопақша тесік

C. Тікенектік тесік

D. Дөңгелек тесік

E. Төменгі жақтық

 

1104. Қай нерв “кіші қазтабан”құрайды:

A. Төменгі жақтық

B. көздік

C. Жоғарғы жақтық

D. иектік

E. ұрттық

 

1105. Өткізгіштік жансыздандырудан кейін мүмкін болатын асқыну;

A. неврит

B. невралгия

C. вазопатия

D. аналгезия

E. талу

 

1106. Анафилактикалық естен тану сияқты жалпы асқыну ненің фонында дамиды;

A. гепатит

B. интоксикация

C. созылмалы панкреатит

D. бұрын болған аллергиялық реакциясы

E. талу

 

1107. Талудың негізгінде не жатады:

A. аллергиялық реакция

B. жүрек тамырларының рефлекторлы тарылуы

C. жедел тамырлы жетіспеушілік

D. жедел жүрек жетіспеушілігі

E. бас миы қан тамырларының рефлекторлы тарылуы

 

1108. Қандай бірге жүретін аурулар кезінде тісті стационарда жұлады;

A. тиреотоксикоз

B. сульфаниламидтерге аллергиялық реакция

C. созылмалы гепатит

D. гемофилия, тромбопения

E. қант диабеті

 

1109.Тісті жұлғанда болатын жарақаттық шоктың себебі;

A. жеткіліксіз жансыздандыру және жарақаттық, ұзақ уақыт тісті жұлу

B. бас миының қан тамырларының тарылуы

C. аллергиялық реакция

D. гипертониялық ауру

E. операция алды қорқу

 

1110 .Әйел кісіге новокаин енгізген соң жалпы әлсіздік, АҚ төмендеуі, пульс бәсеңдеген,жіп тәрізді және барлық «жедел іш» белгісі.

A. Іріңді аппендицит ұстамасы

B. Жедел ішек түйілуі

C. Жедел жүрек жетіспеушілігінің құрсақтық түрі

D. Гипертониялық криздің құрсақтық түрі

E. Анафилактикалық шоктың құрсақтық түрі

 

1111. Таңдай жансыздандыру кезіндегі жансызданатын аймағы:

A. Сүйір тістердің ортасын байланыстыратын қатты таңдай сызығының алдыңғы шырышты қабаты

B. Жұмсақ таңдай шырышты қабаты, таңдай доғасы

C. Жоғарғы жақтың үлкен азу тістері

D. Жоғарғы жақтың кіші азу тістері,альвеолды өсіндіні қаптап жатқан жұмсақ тіндер

E. Қатты таңдайдың күрек тістерге дейінгі 2/3 бөлігінің шырышты қабаты, жұмсақ таңдайдың жартысы.

 

1112. Туберальды анестезия кезінде қандай нерв жансызданады:

A. Жоғарғы артқы альвеолярлы нервісі.

B. Жоғарғы ортаңғы альвеолярлы нервісі

C. Қанатша таңдай түйін

D. Мұрын таңдай нервісі

E. Үлкен таңдай нервісі

 

1114.Қанатша таңдай саңылауында орналасқан қанатша таңдай түйіні сезімтал нервісін қайдан алады:

A. Тізе түйінінен бет нервісінен үлкен тастақты нервісі

B. ішкі ұйқы артериясының өрімнің терең тастақты нерв тармағы

C. Үшкіл нервтің 2 тармағының қанатша таңдай нервісінен

D. Үшкіл нервтің 3 тармағының төменгі ұяшық нервісінен

E. Үшкіл невртің 2 тармағының көзастылық нервісінен

 

1115. Мандибулярлы жансыздандыру кезіндегі жансызданатын нервісі

A. Төменгі ұяшықты, тілдік

B. Төменгі ұяшықты, тілдік, ұрттық

C. Ұрттық, тілдік

D. Құлақ самай, ұрттық

E. Шайнау, төменгі ұяшықты

 

1116.Инфраорбитальды жансыздандырудың нысана көзі

A. Жоғарғы жақ төмпешігі

B. Үлкен таңдай тесігі

C. Күрек тісті тесік

D. Көзасты тесігі

E. Қанатша таңдай саңылауы

 

1117. 66 жастағы ер кісіні қарап тексергеннен кейін мынандай диагноз қойылды: жоғарғы жақтың 1.2 тісінің жедел іріңді периотиті, қант диабеті. 1.2 тісті жұлып, альвеолярлы өсіндінің вестибулярлы бетінен периостотомия жасау қажет. Қандай нервті жансыздандырамыз?

A. Жоғарғы ортаңғы альвеолярлы және таңдай

B. Жоғарғы артқы альвеолярлы

C. Жоғарғы алдыңғы альвеолярлы, мұрын таңдай

D. Үлкен тастақты, таңдайлық

E. Төменгі жақты

 

1118. 65 жастағы әйел кісіні қарап тексергеннен кейін мынандай диагноз қойылды; жоғарғы жақтың 1.2 тісінің жедел іріңді периотиті, қант диабеті. 1.2 тісті жұлып, альвеолярлы өсіндінің вестибулярлы бетінен периостотомия жасау қажет. Оперативті араласулар жүргізу үшін қандай жансыздандыру жаайды?

A. Туберальды анестезияның ауызсыртылық, күрек тістік

B. Берше-Дубов бойынша

C. Вейсбрем бойынша

D. Таңдайлық, ауызсыртылық иектік әдісі

E. Ауызсыртылық инфраорбитальды әдісі, күрек тістік

 

1119. Көзастылық тесігінің орналасқан жері:

A. Жоғарғы үшінші үлкен азу тістің ішкі альвеолярлы өсіндінің арасында

B. көздің жоғарғы жиегі

C. Жоғарғы жақтың орталық күрек тіс арасында

D. Ойша көзастылық жиегінен 0,5-0,75см төмен және тік сызық жүргізіп жоғарғы жақтың екінші кіші азу тісінің маңынан және иекасты тесігінен жүргізілген сызықтар қиылысында

E. Қанатша таңдай саңылауында

 

 

1120. Туберальды ауызішілік жансыздандыру кезіндегі ине шаншар орны:

A. Екінші үлкен азу тістің маңындағы өтпелі қатпар (немесе екінші мен үшінші азу тістің арасы), тіс жоқ болған жағдайда бет альвеолярлы айдаршығының артында

B. бет сүйегінің қыры мен бет альвеолярлы айдаршықта құрады

C. күрек тісті емізікшесі немесе оның бүйірінен

D. Үлкен таңдай тесігінен 1 см алдыға және ішке қарай

E. Мұрын пердесінің екі жағынан

 

1121. 45 жастағы әйел адам созылмалы периодонтит шағымымен 4.7 тісін жұлдыруға келді.Анамнезінде – тамаққа аллергиясы бар.Анафилактикалық шоктың алдын алу үшін қандай шаралар бар?

A. Науқасты тексеру

B. Анестетикке проба жасау

C. Тісті жулар алдында қабынуға қарсы ем жүргізу

D. Тісті жұлар алдында физиотерапиялық курс жүргізу

E. Жалпы қан анализін жасау

 

1122. Ер адам 3 күннен кейін 38 тісін жұлған соң ауыз ашылуының қиындауымен шағымданып келді. Ине шаншылған жерде және анестетиктің енгізілген жерінде қабыну белгілері жоқ. Науқаста қандай асқыну дамыды?

A. Төменгі ұяшықты нервісінің невриті

B. Қабыну контрактурасы

C. постинъекциялы контрактура

D. ТЖСБ анкилозы

E. Бет нервісінің парезі

 

1123. 38 тісін жұлғанына З кун өткен соң ер адам ауызының ашылуының қиындауына шағымданып келді. Қарап тексерген соң дәрігер мынан диагноз қойды: Инъекциядан кейінгі контрактура. Сіздің емдеу іс шараңыз.

A. Антибактериальді терапия

B. физиоем, механотерапия, ЛФК

C. новокаинді блокада

D. сәулелі терапия

E. контурлы пластика

 

1124. Жансыздандыру жүргізгеннен кейін қатты таңдай шырыш қабатының өліеттенуінің себебі:

A. анестетиктің көп мөлшерде енгізілуі

B. анестетиктің 0,1-0,2 мл енгізілуі

C. үлкен таңдай нервісін инемен зақымдалуы

D. кіші таңдай нервісін инемен зақымдау

E. мұрын таңдай нервісін инемен зақымдау

 

1125. Орталық жансыздандыру жасаған кезде инедегі стерильді резеңке не үшін қажет?

A. Жұмсақ тіндерді зақымдамау үшін

B. Иненің жақсы бекітілуі үшін

C. Иненің тінге қаншалықты терең енгенін белгілеу үшін

D. Нервтерді зақымдамау үшін

E. Дәрігер саусағының ыңғайлы бекуі үшін

 

1126. Орталық жансыздандыру жасауға арналған иненің ұзындығы қанша?

A. 1-2 см

B. 2-3 см

C. 3-4 см

D. 4-5 см

E. 6-7 см

 

1127. Төменгі көз шарасының қырымен беттің жоғарғы жақ жігін пальпациялап қандай анатомиялық түзілісті (тесікті) анықтаймыз?

A. ментальды

B. инфраорбитальды

C. дөңгелек

D. сопақ

E. төменгі жақты

 

1128.Қандай өткізгіш жансыздандыру бет доғасының астынан 2см, құлақ сырғалығының алдында жүргізіледі.

A. Вайсблат бойынша

B. Вейсбрем бойынша

C. Берше-Дубов бойынша

D. туберальді (ауызсыртылық әдіс)

E. инфраорбитальді (ауызсыртылық әдіс)

 

1129. Қандай жансыздандыру шайнау бұлшықетінің рефлекторлы контрактурасын алады?

A. Вайсблат бойынша

B. Вейсбрем бойынша

C. Берше бойынша

D. мандибулярлы

E. ментальді

 

1130. Таңдайлық жансыздандырудың нысана көзі

A. жоғарғы жақ төмпешігі

B. үлкен таңдай тесігі

C. күрек тісті тесігі

D. көзастылық тесігі

E. қанатша таңдай шұңқыры

 

1131. Туберальды жансыздандыру кезіндегі жансызданатын аймақ:

A. күрек тіс, сүйір тіс, альвеолярлы өсінді және вестибулярлы бетіндегі қызыл иек

B. жоғарғы жақтың үш үлкен азу тісі, альвеолярлы өсінді және осы тістер деңгейіндегі вестибулярлы бетінен шырышты қабаты, төменгі жақ төмпешігі, гаймор қойнауының артқы қабырғасының шырышты қабаты

C. қатты таңдайдың артқы 2/3 бөлігінің шырышты қабаты сүйір тістің арасына дейін, жұмсақ таңдайдың жартысы

D. қатты таңдай сызығының алдыңғы шырышты қабаты, сүйір тіс ортасы

E. құлақмаңы безі,сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы,самай аймағының терісі және құлақ иірімінің алдыңғы бөлімі

 

1132.Қандай дәрілік препараттар жергілікті жансыздандырудың күрделі эфирлер тобына жатады.

A. тримекаин, лидокаин, бупивокаин

B. дикаин, новокаин, анестезин

C. анальгин, аспирин, парацетамол

D. димедрол, супрастин, тавегил

E. реланиум, седуксен

 

1133.Қандай дәрілік препараттар амид тобындағы жергілікті жансыздандыруға жатады:

A. тримекаин, лидокаин, бупивокаин

B. дикаин, новокаин, анестезин

C. димедрол, супрастин, тавегил

D. анальгин, аспирин, парацетамол

E. реланиум, седуксен

 

1134. Ауызсыртылық күрек тіс жансыздандыру жасау кезіндегі ине шаншар орны:

A. дөңгелек тесік маңы

B. сопақша тесік маңы

C. мурын ерін қатпарының аймағында

D. мұрын қатпар негізінде, екі жағынан

E. күрек тіс емізікшесінің шырышты қабатында

 

1135.Терідегі төменгі жақтың ауызсыртылық мандибулярлы жансыздандырудың кескінін көрсетіңіз:

A. трагоорбитальды сызықтың ортасы

B. мұрын қанаты мен құлақ сырғалығының арасында жүргізілген сызықта

C. Төменгі жақ негізіндегі шайнау бұлшық етінің алдыңғы жиегі мен құлақ сырғалығынығ арасындағы сызықтың ортасы

D. Төменгі жақ қырынан 3,5-4 см алдыға қарай

E. Мұрын ерін қатпарының ортасында

 

1136. Күрек тіс жансыздандыру кезіндегі жансызданатын аймақ:

A. Қатты таңдайдың артқы 2/3 бөлігінің шырышты қабаты

B. Жұмсақ таңдай шырыш қабаты

C. Таңдай пердесінің шырыш қабаты

D. Қатты таңдайдың алдыңғы 1/3 бөлігінің шырыш қабаты 1.3 -2.3 тістер арасы

E. бадамшалар

 

1137. Иек тесігінің терідегі кескінін көрсетіңіз

A. 2-3 см төменгі жақтан төмен

B. 1 см иек асты дөңесінен төмен

C. трагоорбитальды сызықтың ортасында

D. Төменгі жақтың ортасы мен шайнау бұлшықетінің жиегі арасындағы қашықтықтың ортасы

E. Құлақ сырғалығы мен шайнау бұлшықетінің арасындағы сызықтың ортасы

 

1138.Ментальды жансыздандырудың нысана көзі

A. Төменгі жақ торусы

B. Төменгі жақ самай айдаршығы

C. Ретромолярлы кеңістік

D. Иекасты тесігі

E. Төменгі жақ тесігі

 

1139. төменгі жақ тесігінің нысана көзі:

A. Торусальды анестезия (Вейсбрем бойынша)

B. ментальды анестезии

C. Берше-Дубов бойынша анестезиясы

D. Вайсблату бойынша анестезиясы

E. Мандибулярлы анестезия

 

1140. Орталық жансыздандыру (көздік жолы) инені шаншар орны:

A. Көз ұясының төменгі сыртқы бұрышының аймағы

B. Көзасты аймағы

C. Көз ұясының төменгі ішкі қырының аймағы

D. көз ұясының жоғарғы ішкі аймағы

E. көз үсті аймағы

 

1141. Жансызданатын аймақ: жоғарғы жақтың бірінші, екінші,үшінші үлкен азу тісі, альвеолды өсіндінің сүйек қабы мен оны қаптап тұрған шырыш қабаты, жоғарғы жақ қойнауының артқы сыртқы шырыш қабаты және сүйек тіні. Қандай жансыздандыру жасалады:

A. таңдай жансыздандыру

B. туберальды жансыздандыру

C. торусальды жансыздандыру

D. Берше-Дубов бойынша жансыздандыру

E. Көзасты жансыздандыру

 

1142. 29 жастағы ер адам стоматолог хирургқа ауызының ашылуының қиындауына, төменгі жақтың сол жағындағы тісінің ауру сезіміне шағымданып келді.Қарап тексергенде: 3.8 тісі интактілі, орналасуы қисық ұртқа қарай, дистальды және шайнау бетінің жартысы ісінген, жамалған шырышты сүйек қабы қызарған,тіске перкуссия жасағанда ауырмайды.рентген суретте теріс ретромолярлы кеңістік.Сіздің диагнозыңыз.

A. 38 тістен жедел іріңді периоститі

B. 38 тістен созылмалы периодонтиттің асқынуы

C. 38 тістің қиналып шығуы(орналасуы қисық ұрттық), перикоронаритпен асқынған.

D. 38 жедел ұлпа қабынуы

E. 38 жедел преиодонтиті

 

1143. 46 жастағы ер адамға, 4.6 тісті жұлу мақсатымен 2% новокаин ерітіндісімен жергілікті өткізгіш жансыздандыруын өткізді.30-60 секундтан кейін науқаста қорқу сезімі, суық жабысқақ тері, еріннің көгеруі пайда болды, артериялық қысым төмендеген, көз қарашығы үлкейген, қарашық светке жауап бермейді, өздігінен зәр шығуы. Сіздің диагнозыңыз?

A. коллапс

B. талу

C. анафилактикалық шок,

D. гипертониялық ауру

E. гипертониялық криз

 

1144. 45 жастағы ер адамға бұзылған 4.7 тіске 2% новокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру жасалды. 5 минуттан кейін науқас төменгі оң жақ ерін, иек және тілдің ұшының ұйып қалғанын айтты, бұл немен байланысты?

A. Оң жақтағы тіл нерві және төменгі ұяшық нерві жансызданған

B. Венсан белгісі дамыды

C. Дюпюитрен белгісі дамыды

D. Ұрт нервісінің жансыздануы

E. Үшкіл невртің 3 ші тармағының невриті

 

1145. 41 жастағы әйел адам стоматологиялық емханаға протез салар алдында ауыз қуысын санациялауға келді. III дәрежелі қозғалатын 1.1,1.2 интактілі тістерін жұлу қажет, ½ түбірі түбір бойымен жалаңаштанған.Қандай нервті жансыздандыру қажет?

A. таңдай, жоғарғы ортаңғы альвеолды

B. мұрын таңдай, жоғарғы алдыңғы альвеолярлы

C. күрек тісті,таңдайлы

D. таңдайлы, жоғарғы артқы альвеолярлы

E. кіші қазтабанды

 

1146. 60 жастағы әйел адамның бұзылған 2.7 тісін созылмалы асқынған периодонт шағымымен жұлыну қажет. Дәрігер 2 түрлі жансыздандыру жасады. Дәрігердің іс әрекеті келесідей болды: науқастың ауызын жартылай ашып 2.7 тістің аймағынан өтпелі қатпарға инені 2,5 см тереңдікте жоғары, артқа, ішке жылжытты . Иненің сүйек бойымен жүру жолында анестетикті жіберді. Кейін 2.7 тістің маңында таңдай бетінен инені енгізді, қызыл иек жиегі мен қатты таңдайдың ортаңғы сызығынан 1 см ішке қарай 0,5мл анестетик жіберді.10 минуттан кейін дәрігер тісті жұлды. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?

A. Күрек тісті, инфраорбиталды

B. тубералды, таңдайлық

C. күрек тісті, инфильтрациялық

D. Берше-Дубов бойынша

E. Вайсблат бойынша

 

1147. 70 жастағы әйел адамға диагноз қойылды: Жоғарғы жақтың 1.1 тістің радикулярлы кистасы. Цистоэктомия және тіс түбірінің ұшына резекция жасау үшін дәрігер екі әдіспен жансыздандыру жасады; сол қолдың сұқ саусағымен көз ұясының төменгі қырын сезіп, одан 0,75 см тқмен перпендикуляр жіберді. Сол қолының үлкен саусағымен еріннің жоғарғы жағына апарып, 1.2 және1.1 тістердің өтпелі қатпарына инені енгізді,инені сұқ саусаққа қарай жылжытып, 3 мл жансыздандыру ерітіндісін жіберді. Екінші жансыздандыру қатты таңдайдың бүйірінен орталық күрек тістердің емізікшелеріне салынды.Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?

A. Вейсбрем бойынша, таңдайлық

B. тубералды, күрек тістік

C. инфраорбиталды, күрек тістік

D. Берше-Дубов бойынша

E. инфильтрациялық, тубералды

 

1148. Ер адам 2.1 тісінің қозғалмалығына және тамақ ішкенде ауыратынына шағымданып келді. Тістің II дәрежелі қозғалмалығы анықталды. Дәрігер гингивотомия жүргізу үшін жергілікті жансыздандыру жасады.Жансыздандыру келесі түрде жүргізілді: 2.2, 2.1,1.1 тістерінің аймағынан вестибулярлы бетінен өтпелі қатпарға анестетик жіберілді. Таңдай бетінен күрек тісті емізікшеге инені шаншыды, шаншыған жерде 0,5мл анестетик ерітіндісін жіберді, күрек тісті емізікшесі ағарды. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?

A. инфильтрациялық, күрек тістік

B. инфраорбитальды(ауызсыртылық),таңдайлық

C. тубералды, таңдайлық

D. Вейсбрем бойынша

E. Торусалды, таңдайлық

 

1149.Мына асқынулардың қайсысы жергілікті жансыздандырудан кейін дамыды,келесі клиникалық белгілері көрінді: терінің бозаруы, есі бар, АҚ 70/30мм рт.?

A. коллапс

B. анафилактикалық шок

C. талу

D. идиосинкразия

E. қояншық

 

1150. күрек тіс жансыздандыру кезіндегі ине шаншар орын:

A. Жоғарғы ортаңғы және бүйір күрек тістердің өтпелі қатпарынан

B. 17 және 27тістердің деңгейінде немесе бет альвеолярлы айдаршықтың өтпелі қатпарынан

C. күрек тіс бүртіктерінің бүйірінен

D. 17 және 27тістердің деңгейінің таңдай тігісінің ортасы мен алвеолярлы өсінді

E. Күрек тіс бүртігіне инені сүйекке дейін енгізеді

 

1151. Сынған бет сүйегінің сынықтарға ығысуының клиникалық белгілеріне тән болып табылады:

A. Сынған ыдыстың белгісі, Венсан белгісі

B. Ауыздың ашылуының қиындауы, иннервация аймағындағы зақымдану

C. Көзастылық нервісі,баспалдақ белгісі

D. Теріасты эмфизема, тістің қозғалмалығы

E. Жүктеме белгісі, Венсан белгісі

 

1152.төменгі жақтың иек бөліміндегі екі симметриялық сынығында қандай асқыну дамуы мүмкін?

A. қанталау

B. дислокациялық асфиксия

C. контрактура

D. гемосинус

E. теріасты эмфиземасы

 

1153. төменгі жақтың екі жақты сынуы кезінде ортаңғы сынықтар қайда жылжиды:

A. жоғары және ішке

B. төмен және артқа

C. жылжымайды

D. жоғары және сыртқа

E. сагиттальды осінің бойымен айналады

 

1154. тіс қатарындағы сынық қандай болады;

A. жылжуымен

B. жабық

C. ашық

D. қиылысқан

E. жылжымаған

 

1155.шайнау бұлшық етінің артқы тобын құрайды:

A. жақ – тіластылық,тіласты тілдік,қосқарыншалы

B. тіласты – тілдік,қанатша тәрізді,иекасты тіластылық

C. меншікті шайнау, самай, медиальды және латеральды қанатша

D. тіласты – тілдік, самай

E. медиалды қанатша, жақ – тіластылық

 

 

1156. шайнау бұлшық етінің алдыңғы тобын құрайды:

A. жақ – тіластылық , тілдік,қосқарыншалы, меншікті шайнау

B. жақ – тіластылық, иекасты тіластылық,

C. самай, қанатша, меншікті шайнау

D. қанатша, тілдік,қосқарыншалы, меншікті шайнау

E. меншікті шайнау, самай тіласты тілдік

 

1157. Латералды қанатша бұлшық еті бекінеді:

A. төменгі жақтың бұрышының ішкі бетіне

B. төменгі жақтың тәж тәрізді өсіндісіне

C. буын өсіндісінің мойыны және буын дискісін жекелей

D. буын басына

E. төменгі жақ бұтағына

 

1158. ер адамда теріасты беттің майлы кеңістігінде домалақ дақ, ауру сезімсіз түзіліс, одан тіс альвеоласына тығыз жүгеншек барады,бұл -

A. ұлғайған лимфа түйіні

B. теріастылық абсцесс

C. теріастылық киста

D. одонтогенді теріастылық гранулема

E. скрофулодерма

 

1159. жедел сиалодениттің лимфадениттен салыстырмалы - диагнозы:

A. Инфильтраттың болуы

B. Сілекей безінің түтігінен іріңді және лайлы сілекейдің ағуы

C. Пальпациялағанда ауру сезім

D. Дене температурасының көтерілуі

E. Қалтырау

 

1160. 30 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы ақыл тісінің жұлынғанынан кейін дәрігерге келді. Оперативті ем жүргізілген жердің ауызды жапқанда күшеюімен,тамақ жегенде қақсап ауырғанына шағымданады.ауру сезімі тісті жұлғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін пайда болды. Қарап тексергенде бет әлпеті симметриялы, төменгі жақ лимфа түйіндері ауырады. Ауызын жеңіл ашады. Ұяшықтық іші қан ұйығына толы. 3.7 тіс интактілі, перкуссия жасағанда ауырады. Тісжегімен зақымдалған тіс табылмады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

A. альвеолит

B. ұяшық нервісінің невриті

C. 3.7 тісінің жарақаттық периодонтиті

D. Апроксималды бетінен тісжегі қуысын іздеп қарай керек

E. Төменгі жақ сынығы

 

1161. Периодонтиттерді этиологиясы бойынша ажырату:

A. Жедел және созылмалы

B. гранулденген, гранулематозды, фиброзды

C. инфекциялық, медикаментозды, жарақаттық

D. инфекциялық, маргиналды, гематогенді

E. инфекциялық, маргиналды

 

1162. Берілгендердің мынадан басқасынан созылмалы периондонтитті салыстырмалы диагноз қойған дұрыс

A. созылмалы жақ остеомиелиті

B. созылмалы пульпит

C. орта тісжегісі

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Стоматология оқу клиникалық департаментінің ББК м.ғ.к

СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛ АН... ХИРУРГИЯЛЫ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ П НІ БОЙЫНША...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: C. дроперидол

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

B. Бірінші күрек тіс
C. бірінші моляр D. екінші моляр E. премолярлар   1093. Төменгі жақсүйек нерві бассүйектен шығады (тесіктен): A. ш

D. созылмалы одонтогенді гайморит
E. жедел жақ остеомиелиті   1163. Ер адам суық тигеннен кейін 4.6 тісте тісжегі қуысы 3 күн ауырды.жылы сумен шайқаған, анальгетиктерді &#

Б) иекасты аймағының флегмонасы
С) жұтқыншақмаңы кеңістігінің флегмонасы Д) ауыз түбінің іріңді-некротикалық флегмонасы Е) мойынның ортаң&#

Б) иекасты аймағының флегмонасы
С) жұтқыншақмаңы кеңістіктерінің флегмонасы Д) ауыз түбінің іріңді-некротикалықфлегмонасы Е) мойынның іріңд

С) сілекей жиналып қалған және қуыстан ақпайды
Д) сілекей майда сілекей бездерінен бөлінеді Е) тек негізгі өзектің сағасынан   1311. Шегренсиндромы қандай клиникалық белгілерді

А) калькулезды паротит
Б) интерстициальды паротит С) паренхиматозды паротит Д) сілекей безінің кистасы Е) сілекей безінің қатерлі емес ісігі   1339. 60

Е) екіжақты үлкею, тері жабындысының түсі өзгермеген, пальпацияда ауырмайды.
1341. Тіласты сілекей безінің кистасының клиникасы: А) тіласты аймағында айқын шекарасымен тығыз құрылым байқалады В)тіласты айма&#

E. күректістік
  1613. Периостит – бұл: A. жақтың сүйек қабының қабынуы B. сүйек тінінің қабынуы C. эпидермоидт

E. инфильтрациялық.
  1625. 40 жасар ер кісі, стоматологиялық поликлиникаға протезделу алдында ауыз қуысын сонациялау мақсатында келді. 1.1 және 1.2 тістерін жұлу кере

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги