рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс

Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс - раздел Экономика, Түйін Ұдайы өндіріс Процесінде әлемдік Шаруашылықтың ...

Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады.

Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экон­оми­калық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономи­калық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса - тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма­ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым­ша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс - тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Демек, қоғамдық ұдайы өндіріс екі бөлім: К.Маркс бойынша төмендегіше білдіруге болатын өндіріс құралдары ұдайы өндірісі мен тұтыну заттары ұдайы өндірісінен тұрады:

 

І w = c + v + m

П w = c + v + m

 

Мұнда:

І және П қоғамдық ұдайы өндіріс бөлімдері;

w - І және П жиынтық қоғамдық өнім;

с - өндіріс құралдары (тұрақты капитал);

v - жұмыс күші және өзгермелі капитал;

m - қосымша өнім құны.

 

Нарықтық экономиканың негізгі мәселелерін шешу үшін жиынтық қоғамдық өнімді өткізу қажет, яғни кәсіп­керлердің бүкілі өз өнімдерін сата алатын, содан соң қажетті өндіріс құралдары мен жұмыс күшін алатындай болуы қажет. Сонымен, бір мезгілде кәсіпкерлер мен жұмыскерлердің өздеріне қажетті тұтыну заттарын сатып ала алатындай болуы тиіс.

Мұндай проблемалар екі құрылымдық бөлім арасын­да­ғы келесідей пропорциялардың сақталуы жағдайында шешіледі, яғни нарықтың өзін-өзі реттейтін қызметі көрініс береді:

 

1) І (v + m) > П с

2) І (c + v + m) > І с + П с

3) П (с + v + m) < І (v + m ) + П (v + m)

Мұнда:

Бірінші, басты жағдай - жаңадан жасалған құн (таза өнім), І (v + m) І құрылымдық бөлімшеде П құрылымдық бөлімшенің тұрақты капиталынан көп болуы тиіс, қалған екеуі - туынды, тәуелді.

Егер екі құрылымдық бөлімшелердің кәсіпкерлері, жинақтау үшін қосымша капитал табатын болса, ол орын­да­латын болады, яғни өндірісті ұлғайту екі жолмен: капи­тал­ды шоғырландыру және орталықтандыру жолымен шеші­леді. Мұндай қажеттілік жинақтауды жүргізе отырып, өз әріптестерін бәсекелестік күресте жеңу үшін туын­дай­ды, яғни пайданың бір бөлігінің (қосымша құнның бөлігі) өндірісті ұлғайтуға, қосымша капиталға айналуы:

 

W = c + ∆c + v ∆v + m;

m = m1 + m2

 

Мұнда:

m - қосымша құн;

m1 - жинақтау қоры;

m2 - шаруашылық субъектілерінің, кәсіпкерлердің

тұтыну қоры.

 

Әрбір нақты тарихи-экономикалық бөлу пропорция­сының сәті, яғни m - қосымша құнның m1 және m2-мен қатаң айқындалған және келесідей факторлармен анықталады

- қосымша өнімнің шамалық құны;

- еңбек өнімділігінің деңгейі;

- өзі қызмет ететін (жұмыс істейтін) капиталдың мөлшерлері;

- капиталдың техникалық құрылысының деңгейі.

Капиталдың жинақталу мөлшеріне оның шоғыр­лан­уы: жұмыскерлердің саны; жұмыс уақытының ұзақтығы; орта­ша еңбекақы; пайдалы кен қазбаларының болуы; құнарлы жерлер; озық технология, ақпарат және т.б. белгілі бір әсерін тигізеді.

Сонымен, капиталдың шоғырлануы, оның жинақ­та­л­у­ы, қоғамдық байлықтың өсуі - бұл аңыз, ішкі әсер етуі. Қорытынды - капитал қосымша құн әкелетін құн, капи­тал - үнемі қозғалыста болатын, қозғалыссыз бола алмайтын өзінен өзі өсетін құн.

Капиталдың өз-өзінен өсуінің өзге формасы оны орталықтандыру болып саналады.

Капиталды орталықтандыру - шағын және орта кәсіп­орындарды ірі кәсіпорындарға күштеп біріктіру (басып алу) немесе оларды өз еркімен біріктіру және (бәсеке­лестік) үшін) қаржы өнеркәсіп топтарын құру, акционерлік компаниялар, холдингтер құру, бақылау акция пакеттерін, сатып алу, қатысу жүйесі және т.б.

Өндірісті екі жолмен ғана кеңейтуге және дамы­ту­ға болады, өндіріс факторларын көбейтумен - экстенсивті түрде немесе өндіріс техно­логия­сын жақсартумен интенсивті түрде.

Экстенсивті экономикалық өсу:

- жұмыс істейтіндер біліктілігін олардың санын арттырусыз көтеру;

- өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат, материалдар, отын, жарамды жерлер және т.б.);

- технологияларды жақсартусыз капитал жұмсауды көбейту жолымен өндіріс факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен өндірісті көбейту.

Интенсивті экономикалық өсу:

- негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа, неғұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен қызметтерді өндіруді кеңейту;

- өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);

- негізгі және айналым қорларын пайдалануды жетілдіру, олардың айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және т.б.;

- жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым тиімді (интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі.

Интенсивтік жол - неғұрлым үнемді, сонымен бірге еңбек, капитал және ресурс сыйымдылығы аз өндіріс. Мысалы, КСРО-да соңғы қырық жылда мемлекеттік астық өндірісі, ескі техника негізінде, экстенсивті жолмен, тың игеру есебінен 2,5 есе өсті. Сонымен бір мезгілде Батыста астық өндіру тура сол көлемде өсті, бірақта ол интенсивті технология нәтижесінде жалпы егістік жер көлемін қысқарту жағдайында болды. Қазіргі уақытта әлемде ҒТП дамуын ескергендегі екі жолдың комбинациясы орта есеппен интенсивтік факторлар есебінен өндіріс дамуының 70-75%-ын береді, экстенсивтілік есебінен - 25-30%. ХІХ ғасырдың соңында, капитализм терең және кең ауқымда дамыған кезде экономиканың дамуы керісінше болды.

Өндіріске салынған барлық кез келген капитал өзінің қозғалысын ақша сомаларының (А) үздіксіз айналысын (ақшаның өзі әлі капитал болмаса да), тауар формасында (Т1) қосымша құнға енгізілген белгілі бір тауарларды (…О…) өндіру мақсатымен пайдаланылатын өндіріс құралдары мен (ӨҚ) жұмыс күшін (ЖК) сатып алудан бастайды.

Өндірілген тауарларды (Т1) өткізіп болғаннан кейін, ең алдымен авансыланған капитал (А) оған қосымша құн әкеле отырып (А1-а+∆а), өзінің иесіне қайтарылады. Осыдан барып капиталдың қозғалысы (оны авансылау, өндірісте қолдану, тауарларды өткізу және бұрынғы (бастапқы) ақша формасына қайтару) капиталдың үздіксіз айналымы деп аталады және мынадай формуламен жазуға болады:

 

ӨҚ

 

А - Т …Ө…Т1 - А1

 

ЖК

 

Мұнда:

А - бастапқы бетте авансыланған ақша;

Т – тауар ол:

ӨҚ - өндіріс құралы;

ЖК - жұмыс күші;

…Ө… - өндіріс;

нүкте қозғалыстың (айналым жасаудың)

тоқталғандығын білдіреді.

Т1 – шығарылған жаңа тауар;

А1 – тағы да ақша формасындағы авансыланған

капитал, бірақта пайдамен (А1 = А + ∆а)

 

Капиталдың үздіксіз айналымы 3 сатыдан өтеді:

1. Сатып алу (А-Т);

2. Өндіріс (…Ө…);

3. Сату (Т1 - А1).

Авансыланған құнның (А) өндіріс сатысында және айналым сатысынан өту уақыты және қосымша құнмен бастапқы формасына қайтуы капитал айналымы уақытын құрайды. Капитал айналымының жылдамдығы жыл ішінде авансыланған айналым санымен өлшенеді. Айналым процесінде қызметін жүргізуші капитал негізгі және айналым капиталына түседі.

Негізгі капитал - бұл өндірісте тікелей қатысатын және өзінің құнын жаңадан жасалатын өнімге бөліктер бойынша ауыстыратын өнімді капиталдың (ғимарат, құрылыс, машиналар, өзге еңбек құралдары) бөлігі.

Айналым капиталы - бұл өндіріске тұтастай қатысатын және өзінің құнын жаңа жасалатын өнімге бірден ауыстыратын өнімді капиталдың (шикізат, қосымша материалдар, жұмыс күші және т.б.) екінші бөлігі.

Пайдалану процесінде негізгі капитал физикалық және моральдық тозуға ұшырайды.

Физикалық тозу - негізгі капиталдың оларды ұзақ уақыт және интенсивті пайдалануы нәтижесінде өзінің тұтыну құнын жоғалту процесі, сондай-ақ ыстықтың, ылғалдың, суықтың, желдің және т.б. табиғат күштерінің әсерімен тозуы.

Моральдық тозу - негізгі капитал жаңа машиналар өндірісі және жабдықтар шығарудан өзінің құнын жаса­ла­тын өнім құнына ауыстыруымен ғылыми-техникалық прогрестің тигізген салдары. Моральдық тозудың екі түрі бар. Біріншісі, өндіріс құралдарын өндіретін салалардағы экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жаңа машиналар еңбек өнімділігін көтеру нәтижесінде, тауарларды неғұрлым аз шығынмен өндіруі. Мұндай машиналардың қоғамдық құны ескі, неғұрлым қымбат машиналарға құнсызданады және өзінің бүкіл құнын өнімге ауыстырып үлгере алмайды. Екінші түрі бірдей мақсаттағы жабдықтардың пайда болуымен байланысты, бірақ та құрылысы жетілдірілген болады, ол еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімдер бір­лі­гі­н­е, оның шығындарын төмендетуге әкеледі. Нәти­жес­інде жұмыс істеп тұрған жабдықтар жартылай (ішінара) құнсыз­да­нады. Негізгі капиталдың тозуына қарай амортизациялық қор өзінің құнын өндірілетін өнімдерге бірте-бірте ауыс­тырады. Пайыздар түрінде білдірілген негізгі капитал құнына амортизациялық аударымдар (жарналар) сомасы­ның қатынасы амортизация нормасы болып саналады.

Негізгі капиталдың тозуы кезеңіне банктерде жинақ­талған амортизациялық қор оны айырбастауды немесе жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Түйін

Та ырып... ЭКОНОМИКАЛЫ ТЕОРИЯ... САЯСИ ЭКОНОМИЯ Ж НЕ ЭКОНОМИКСТІ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Тестілер
1. Экономикалық заңдар дегеніміз: а) әлеуеттік-саяси қатынастардың экономикалық нормативтері б) экономикалық қ

Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі
  Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иеле­ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену 

Меншіктің құрылымы мен формалары
Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біре

Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі
ХІХ ғасыр үшін жеке меншікке негізделген, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болды. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана е

Азақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы
Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор­ларын қамти отырып, қ

Түйін
Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, с

Практикум
1. Меншік неге адамзат қоғамының өндірістік-экономикалық қатынастарының негізі болып табылады? 2. Қоғамдық меншікке негізделген

Айталауға арналған сұрақтар
1. Меншік формаларына анықтама беріңіз? 2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақтарының айырмашылықтарын анықтауға

Орлар мен өндіріс факторларының меншік иесі болу деген не?
а) қорларды иелену құқығы б) қорлар, өндірілген тауарлар мен қызметтерді билеу және меншіктену в) шешім қабылдау қ

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі-натуралды шаруашылық. Натуралды депадамдар өнімді айыр

Тауар және оның қасиеттері
  Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне то

Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы
Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ

Ақшаның қызметтері
Ақша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда - ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы

Ақша мен ақша айналымының эволюциясы
  Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің а

Түйін
Экономиканы ұйымдастырудың негізгі екі түрі бар: натуралды және тауарлы шығарушылықтар. Бұлардың өндіргіш күштерін ұйымдастыруды

Негізгі терминдер
Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық Тауар, оның қасиеттері Тауар өндірісі Қоғамдық еңбек бөлінісі

Практикум
1. Сіз білесіз бе? 1. Тауар шаруашылығының пайда болу себептері 2. Тауар өндірісі 3. Нарықтық қатынастардың пайда болу себептері

Айталауға арналған сұрақтар
1. Натуралды шаруашылық деген не? 2. Тауар өндірісінің пайда болуының негізгі шарттары 3. Нарыққа негізделген тауар өндірісінің т&#

Тестілер
1. Натуралды шаруашылық: а) өнімді айырбасқа – нарыққа жеткізбей, тек өз қажеттерін өтеу үшін өндіреді

Адам және оның экономикалық қызметі
Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттейді, адам өзінің еңбегінің арқасында қоғамдық тіршілік иесі болды деп

Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық иг

Оғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс аясындағы салалардан және материалдық емес салалардан қалыптасатын э

Түйін
Аталмыш тақырыпта материалдық игілікті жасаушы және тұтынушы ретіндегі адамның мінез-құлқы (тәртібі) қарастырылған, ол өндірі

Жаңа терминдер мен негізгі түсініктер
Адам капиталы Экономикалық адам мінез-құлқы (тәртібі) Біліктілік Адам модельдері Өндіріс ресурсы мен факторлары Ресу

Практикум
1. Адам капиталы дегеніміз не? 2. Адамның физикалық және рухани қабілеттері қай уақытта капитал жұмсау объектісіне айналады? 3. Әде

Айталауға арналған сұрақтар
1. Адам капиталы түсінігінің маңызы қандай? 2. Адам капиталының өзге капитал формаларынан несі ортақ? Ол неге капитал деп аталады? 3. Біл

Тестілер
1. Адам капиталы түсінігіне инвестициялар кіреді: а) білім беруге, денсаулық сақтауға в) жол құрылысына, мешіттер мен шіркеуле

Келесі анықтамалар экономикалық өсудің қандай түрлеріне (экстенсивті және интенсивті) жатады?
а) біліктіліктерін арттырусыз, жұмыс істейтін жұмыскерлер санын көбейту в) өндірістің материалдық факторларын (шикізат, материал­дар, отын және т.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және оны сипаттайтын ерекшеліктері
  Кәсіпкер иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-қимыл

Фирма және кәсіпкерлік
1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері. Кәсіпкерліктегі тәуекел 2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, о

Кәсіпкердің сатып алушы алдындағы жауапкершілігі
Өмірдің басқа салаларының өкілдері секілді Қазақстандағы іскер адамдардың көпшілігі адал да, еңбекқор және тұтыну

Түйін
Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасының жоғары қарқынды дамуына жағдай жасауда. Ел экономикасы шикізаттық бағдард

Тақырып.
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ   6.1. Еңбек ресурстары ұғымы және жұмыс

Леуметтік-экономикалық сипаттамасы
Адамзат қоғамын зерттеудегі экономика теориясы, адамның бір мезгілде экономикалық игіліктер өндіруші әрі тұтынушы болып табылатындығы туралы аса ма&#

Және түрлері
Экономика жағдайын және экономикалық саясат тиімділігін жалпы бағалауға экономика теориясы тәжірибесінде "кедейлік индексі" жиі пайдаланылады, ол макро

Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу
Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті шығындарын есепте

Түйін
Бұл тақырыпта жұмыс күші мәселелері қарастырылып, оның әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы берілді. Еңбек ресурстарының жұмыс

Практикум.
а) Мысалы, Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады ма; в) еңбек нарығының тепе-теңдігінде жұмыссыздық м

Мұны Сіз білуге тиіссіз
1. Жалақының мәнін түсіне білу; еңбек бағасы немесе жүмыс күші күнының бағасы; олардың арасындағы айырмашылық.

Келесі үйғарымдар дұрыс па?
а) 16 және одан жоғары жастағылар жүмыспен қамтылғандарға немесе жұмыссыздар катарына жата ма? б) жұмыссыздықтың табиu

Кәсіпорын қорларының құрылымы
  Өндірістік құрылым

Түйін
1. Құнды ауыстыру тәсілі бойынша негізгі капитал - айналым капиталы болып бөлінеді. 2. Пайдалану бағдарлары бойынша негізгі қорларды қалпына келті

Айталауға арналған сұрақтар
1. Капитал қозғалысының түрлері 2. Негізгі және айналым капиталының түсінігі 3. Капиталдың тозуы 4. Айналым капиталыны

Фирма шығынының құрылымы және пайда
Әрбір фирма өндірісті бастау үшін келешекте қанша пайда алатынын көз алдына дұрыс елестете білуі керек. Ол үшін сұраныс пен қызметті зерттеуге

Орытынды
1. Шығынды анықтаудың әртүрлі топтастыру жолы бар. Осыған сәйкес шығындар ашық, ашық емес, баламалы (альтернативтік) болып бөлінеді

Терминдер және түсініктер
Ашық шығын Баламалы шығын Бухгалтерлік (қаржылық) пайда Тұрақты шығын айналымы Жиынтық (жалпы) Орт

ЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА - ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде 9.2. Жиынтық қоғамдық өнім жә

Лттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде
Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.Ұлттық есеп-шотты жүргіз

Көрсеткіштер жүйесі
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоu

Т=ЖҚӨ - МШ
мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс, ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім, МШ – материалдық шығындар. &#

Көрсеткіштер жүйесі
  Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құ

Лшеудің тәсілдері
Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнас

Категориялар мен терминдер
Қоғамдық жиынтық өнім, тұтыну заттары, бірінші бөлімше, екінші бөлімше, ұлттық байлық, қажетті өнім, қосымша

Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс
Микро және макроэкономикаға талдау жасауда тепе-теңдік әдісі қолданылады. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін зерттегенде нарықтағы

Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның орындалуы
  Екіншіден, барлық құрал жабдықтар жиынтығы және өндірістік қызмет ғылыми технологияны зерттейді және оны жетілдіреді, 

Ортақ дамуының формасы
Экономикалық даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап біл

Экономикалық цикл теориясы
  Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелесті

Азіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің циклге қарсы қызметі, циклдің келесі өзгерістерін туғызды: - біріншіден, дағдарыс табиғаты ө

Рекет ету тұжырымдамасы
  Акселерация қағидасы мультипликатор теориясымен тікелей байланысты.Егер мультипликатор теориясы бастапқы беттегі автономиялы инвестициялар – ұлттық таб

Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу
Циклдік ауытқулар себептері әр түрлі көзқарастар мен реттеу проблемаларын туғызады. Тұтастай алғанда реттеудің:неокейнсиандік және неокон

Практикум
1. Мұны сіз білуге тиіссіз: 1. Экономикалық цикл дегеніміз не, соған жауап беру 2. Экономикалық дамудың циклдік ауытқуларын ту

Айталау үшін сұрақтар
1. Циклдің негізгі сипаттамалары немен байланыстырылады 2. Экономикалық циклдердің қандай түрлері өмір сүреді 3. Классикалық эконом

Тестілер
1. Процестердің қайсысы құлдырау сатысына (фазаға) жатпайды: а) пайданың қысқаруы б) пайыз деңгейінің

Индукциялық (индуцированных) инвестиция-лардың пайда болуы немен байланысты?
а) Ұлттық табыс пен жиынтық сұраныстың өсуімен б) халықтың өсуімен в) техникалық жаңа әдістерді ж&#

Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
Экономиканың өcyi көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ipi әлеуметтік эконо

Мультипликатор және акселератор эффектісі
  Өндipic қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің мо

Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
Экономикалық өсу экономиканың бip қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық пpогресін көрсетеді. Мұндай

Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы
Динамикалық теңгермешілікті қолдаудағы мемлекеттің экономикалық саясатының рөлі орасан зор және оның кейбір экономикалық процестерд

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері және функциялары
ЭМР объектілері бұл-қиындықтар, проблемалар туындаған немесе туындауы мүмкін салалар, аймақтар, сондай-ақ, ахуалдар мен құбылыстар. ЭМ

Мен әдістерінің қажеттілігі
Мемлекет экономикаға белгілі құралдар арқылы ықпал етеді, бұл - үкіметтің және шаруашылық субъектілерінің өзіндік мақса

Түйін
Қазіргі заманғы мемлекет қоғам мүддесіне қоғамдық игіліктер тиімділігін құру және пайдалануда белгілі функциялар атқарады ж&#

Heгiзгi түрлері
Экономикаға мемлекеттік ықпал ету құралдары. ЭМР үлгілері(моделдері) Институционалды-әлеуметтік үлгі (ИӘМ) ЭМР-дің к

Сіз білуге тиіссіз
1. Нарықтың белгілі дәрежеде әрдайым мемлекетпен реттелетінін дәлелдеу. 2. Мемлекеттің түзетуші, тұрақтандырушы және бөлу

Айталауға арналған сұрақтар
1. Қандай себептермен мемлекет кipic және байлықтың қайта бөлінісіне қатысуы қажет? 2. Мемлекеттік игіліктерге қандай қасиеттер

Тестілер
1. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы негізгі функциялары: a) бәсеке ортасын құру b) меншігі, капиталы және жері ж

МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
14.1. Халықаралық еңбек бөлінісі теориясы 14.2. Халықаралық еңбек бөлінісі 14.3. Халықаралық экономикалық қ

Халықаралық еңбек бөлінісі теориясы
Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлінісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты. Халықаралық

Халықаралық еңбек бөлінісі
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Барнский оны – экономикалық жағрапиялық негізгі &

Атынастардың негізгі түрлері
Әлемдік нарық бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ба

Халықаралық валюта – несие қатынастары
Халықаралық валюта несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тап

Технологиялардың әлемдік нарығы
Технология бұл, өнімдердің технологиясы, технология процесі және басқару технологиясы сияқты үш негізгі топ кіретін іс-тәжірибелік мақсаттар

Азақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қа

Түйін
Экономиканың салалық құрылымы – бұл қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі өндірістің жағдайымен сипатталатын, сапал

Айталауға арналған сұрақтар
1. Халықаралық экономикалық интеграция деген не? 2. Халықаралық экономикалық интеграцияның обьективті негізі неде? 3. Сауда экономикалы&#

МАЗМҰНЫ
  КІРІСПЕ 3 1-Тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ, САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКСТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ 1.1. Экономи

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги