Тақырып. Мемлекеттік реттеу: пайда болуы, мақсаты, құралдары.

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі мен оның мәні.

2. Ақша-несие жүйесі.

3. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қазына саясаты.

Негізгі сөздер: ақша-несие жүйесі, қазына саясаты.

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі мен оның мәні.

ЭМР дегеніміз - әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуы.

Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес» - деп жұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуді қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсетті.

Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттлігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруда ең алдымен «таза қоғамдық тауарлар», яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.

2. Ақша-несие жүйесі.

Ақша-несие саясаты ең алдымен экономикалық құлдырауды, жұмыссыздық пен инфляцияны болдырмауға бағытталған. Мемлекет бұл жерде келесі көрсеткіштерге әсер етеді: ақша массасы (ақша ұсынысы), жиынтық шығындар, есеп мөлшерлемесі (ставка рефинансирования).

Несие-ақша саясатының мақсаттары:

1. Өндіріс көлемін ұлғайту.

2. жұмыспен толық қамтылу

3. инфляцияны төмендету.

Несие-ақша саясатының құралдары:

1. ашық рыноктағы операциялары

2. Мәндетті резевтер нормасын өзгерту

3. есептік мөлшерлеменің өзгеруі.

3. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қазына саясаты.

Қаржы дегеніміз – қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.

Қаржы жүйесі – бұл заңмен бекітілген нормативтер негізінде тиісті институттар мен мекемелер арқылы ақшалай қаржы қорын жасау мен пайдалану жөніндегі экономикалық субъектілер арасындағы қарым-қатынас.

Мемлекеттік бюджет - елдің негізі қаржы құжаты, онда заң жүзінде бекітілген және нақты мерзімге шығындар мен кірістер көрсетілген. Бұл орталықтандырылған ірі ақша қоры, шығындарды бөлу арқылы мемлекет өз қызметін іске асырады.

Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.