Тақырып 1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні және әдістері.

Сабақтың мақсаты:Экономикалық теорияның зертеу пәнін, ғылыми тану әдістерін және заңдары мен категорияларының мәнін ашу.Ресурстардың шектеулі жағдайын да қоғамның тұтыну қажеттілігін барынша тиімді жолмен қанағаттандыруды түсіндіру.

Семинар сұрақтары: (1 сағат, 1 апта)

1. Экономикалық теорияның экономика ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлі.

2. Экономикалық теорияның зерттеу пәні, әдістері және қызметтері.

3. Экономикалық категориялар мен заңдар.

4. Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2.Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Қоғамдық өндірістің негізгі сатыларының заманауи заңдылықтарын ашу.