Тақырып 3. Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша.

Сабақтың мақсаты: Қоғамдық өндірістің нысандарын, қызмет ету ерекшеліктерін тарихи мектептер зертеуінде қарастырып талдау, салыстыру, сипаттау.

Семинар сабағы: (1 сағат, 3апта)

1. Натуралды және тауарлы шаруашылық: негізгі белгілері мен ерекшеліктері.

2. Еңбек-құн теориясы.

3. Шекті пайдалылық теориясы.

4. Ақшаның қызметтері. Ақша айналымының заңы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2.Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Натуралды және тауарлы шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін салыстыру негізінде артықшылығы мен кемшіліктерін айқындау.

4. Еңбек-құн теориясы мен шекті пайдалылық теориясының қарамақайшылығын және сабақтастығын көрсету қажет.