Тақырып 10. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.

Сабақтың мақсаты:Экономикалық жүйенің типтеріне сай өндіріс факторлар нарығының қызмет ету механизмін сипаттау.

Семинар сабағы: (1 сағат, 10 апта)

1. Өндіріс факторлар нарығындағы баға белгілеу.

2. Еңбек ақы мәні және нысандары

3. Капитал нарығы және пайыздық табыс.

4. Кәсіпкерлік табыс және пайда.

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2.Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Экономикалық жүйенің типтеріне сай өндіріс факторлар нарығының қызмет ету механизмі де ерекшеленетінін және оның себептері қандай факторлармен анықталатынын айқындау маңызды.

4. Нарықта өндіріс факторлары мен табыс арасындағы байланысты қарастыру арқылы табысты молайту механизмін үйрену.