Тақырып 11. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

Сабақтың мақсаты: Ұлттық экономика жұйе ретіндегі мәнін ашу және Ұлттық есеп жүйесідегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің ерекшелігін, есептеу маңыздылығын түсіндіру.

Семинар сабағы: (1 сағат, 11 апта)

1. Ұлттық экономика және оның өндірістік құрылымы.

2. Ұлттық есеп жүйесі түсінігі.

3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері.

4. Номиналды және нақты ЖҰӨ, дефлятор.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Ұсынылған әдебиеттерді қолдану арқылы семинар сабағының сұрақтарын реттік жүйесімен қысқаша мазмұндап конспектілеу.

4.Ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің ерекшеліктері қандай белгілері мен денгейіне байланысты ажыратылатынын анықтау.