Экономикалық дамудың циклдылығы

 

Сабақтың мақсаты: Ұлттық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік пен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер ететін факторларды және моделдерді талдау. Экономикалық дамудың сатылары: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу үдерістерінің себептері мен салдарын, әсер етуші факторлардың мәнін ашу.

Семинар сабағы: (1 сағат, 12апта)

1. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары.

2. Экономикалық цикл және оның сатылары.

3. ҚР экономикалық дағдарыстан шығудың кешенді әс шаралары мен нәтижелері.

4. Мультипликатор және акселератор түсінігі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің класикалық теориясы мен Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен қаражат жинаудың кейнстік талдауын білу қажет.

3. Тұтыну бейімділігі мен каражат сақтау бейімділігі. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. (АD-АS) моделіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің жүзеге асу жолдарын көрсету қажет.

4. Экономикалық цикл себептерін, түрлерін, әлеуметтік экономикалық салдарын талдау, сондай ақ цикл сатыларының ерекшеліктерін түсіндіру керек.

5. Қазақстандағы дағдарыстардың себеп салдары және оған қарсы күресу шараларын қарастыру.