Тақырып 13. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

Сабақтың мақсаты: жұмыссыздық пен инфляцияның әлеуметік экономикалық мәнін, себептері мен салдарын анықтау, олардың ерекшеліктерін білу, бұл мәселелерді шешудің тиімді тәсілдері мен мемлекеттік шараларымен танысу.

Семинар сабағы: (1 сағат, 13 апта)

1. Жұмыссыздық пен инфляция түсініктері мен пайда болу себептері.

2. Жұмыссыздық пен инфляцияның түрлері.

3. Мемлекеттің жұмыспен қамту және инфляцияға қарсы саясатының негізгі құралдары мен бағыттары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Жұмыссыздық пен инфляция туралы экономикалық көзқарастармен танысу, қазіргі кезде көрініс тауып отырған ерекшеліктеріне мән беру.

4. Оукен заңы және Филлипс қисығына экономикалық тұжырымдар беру.

5. Бұл мәселелерді шешудің отандық және шетелдік тәжірибелерінен қысқа үзінділер, статистикалық мәліметтер келтіріп, баяндама жасау (бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде).

6. ҚР мемлекеттің жұмыспен қамту саясатымен танысу, өзіндік ұсыныстар беру.