Тақырып 14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары.

 

Сабақтың мақсаты: Рыноктың «көрінбейтін қолы» әрдайым өзінің қызметін атқаруда кемшіліктер жіберетінін тәжірибе дәлелдегеніндей шаруашылықты мемлекеттік реттеу объективті қажеттілік болып табылады.Сол себепті экономиканы мемлекеттік реттеудің әртүрлі құралдарын теориялық және тәжірибелік тұрғысында түсіндіру.

Семинар сабағы: (1 сағат, 14 апта)

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі моделдері

2. Ақша несие саясатының құралдары.

3. Несиенің мәні және түрлері

4. Мемлекеттік бюджет: түсінігі және құрылымы.

5.Салықтар: мәні, принциптері мен салық салу нысандары. Лаффер қисығы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, қүралдарын және моделдерін өткен және қазіргі ғылыми теориялар негізінде баяндап беру.

4. Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің тәжірибелік мәселелерін және қандай құралдар қолданатынын даму үдерісімізге сай нақты мәліметтер мен деректер келтіру керек.