Тақырып 15. Экономикалық өсу және экономикалық даму

Сабақ мақсаты: Ұлттық экономиканың уақыт және кеңістік бойынша экстенсивті және интенсивті, сондай-ақ интегралды өсуі мәселесі өзекті болады. Сол себепті экономикалық өсу типтерін, факторларын және үлгілерінің сипатын ашу. Қазақстан ның экономикалық өсу жолын түсіндіру.

Семинар жоспары: (1 сағат, 15 апта)

1. Экономикалық өсу түсінігі, оның өлшемдері.

2. Экономикалық өсу типтері мен факторлары.

3. Экономикалық өсу модельдері.

 

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Экономикалық өсудің түсінігі, типтері мен факторларын және моделдерін меңгеру тиіс. Ресурстарды үнемдеуші экономикалық өсуге өту жолдарын қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" жолдауындағы қазақстандық экономиканың дамуының приоритетті бағыттары білуге тиіс