Пәннің постреквизиттері

Микро- Макроэкономика, Статистика, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Қаржы.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық теория пәне экономикалық білім берудің негізін құрайды. Пән экономикалық категориялардың мән- мазмұнын және олармен байланысты құбылыстар мен процестердің әрекет ету заңдылықтарын білу, қоғамдағы нарықтық қатынастарға, мемлекеттің экономикалық саясатына талдау жасай алу қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді.

Курстың мақсаты:

· Қоғамның экономикалық жүйесіндегі құбылыстарды, үрдістер мен қатынастарды, экономикалық ой-пікірді, оларды анықтайтын факторларды, сондай-ақ экономикалық мәселелерді шешу құралдары мен тәсілдерін түсіну негізінде экономикалық ойларды қалыптастыру;

· Рыноктық экономиканы, оның ерекшеліктерін, қалыптасуын және қызметін әлемдік экономикалық ғылымдағы көзқарастар мен концепцияларды, әртүрлі мектептер мен бағыттарды ескере отырып, оқыту;

· Мемлекеттің экономикалық саясатын түсіндіру, болашақ мамандарды оны қабылдап жүзеге асыруда ғана емес, сонымен бірге тікелей қалыптастыру ісіне белсенді қатысуды үйрету.

Курстың міндеттері:

· Негізгі категориялар, экономикалық заңдар және олардың көрінісі мен әрекеті, ерекшеліктері туралы білім беру;

· Қоғамдағы экономикалық жаңғыртулар мәнін, қоғам өміріндегі құбылыстар мен үдерістердің қисыны және өзара байланысын үйрету;

· Әлемдік шаруашылық тәжірибесін, оның қазақстандық ерекшеліктерін ескере отырып, рыноктық қатынастар даму жығдайы мен үрдістері туралы қажетті білім беру;

· Алған білімді практикалық қызметте қолдану, дағдыларын игеруге машықтандыру.