Жай ұдайы өндіріс дегеніміз не?

1. өндіріс процесінің бұрынғы көлемде қайталануы

2. өндіріс процесінің ұлғайған көлемде жүруі

3. қосымша құрал-жабдықтар арқылы жүретін өндіріс

4. қосымша жұмысшы күші арқылы жүретін өндіріс

5. жаңа кәсіпорындардың құрылысы

60. Ұдайы өндірістің интенсивті түрінің сипаты:

1. жұмыс орнын көбейту арқылы даму

2. күрделі қаржыны көбейту және кәсіпорындар салу

3. техникалық прогресс негізінде еңбек өнімділігін арттыру

4. жұмысшылар кәсібін жетілдіру

5. өндіріс көлемін ұлғайту

61. Қоғамдық шаруашылықтың даму формалары:

1. феодалдық, капиталистік, социалистік шаруашылықтар

2. натуралды, тауарлы, аралас шаруашылықтар

3. жоспарлы шаруашылық

4. нарықтық шаруашылық

5. феодалдық шаруашылық

62. Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі:

1. жеке меншік иелерінің бостандығы

2. басқарудың ерекше формасы

3. қоғамдық игіліктерге мемлекеттің иелік етуі

4. мемлекеттік емес мүдделерді күшпен реттеу

5. жеке меншікті мемлекет иелігіне алу

63. ²Көрінбейтін қол² идеясының авторы:

1. Дж. Кейнс;

2. С. Джевонс;

3. А. Смит;

4. А. Маршалл;

5. Д. Курно.

64. Саяси экономия ұғымын ғылыми айналымға алғаш енгізген ғалым:

1. А.Смит;

2. Д.Рикардо;

3. А.Монкретьен;

4. В.Макаров;

5. К.Менгер.

65. Қажеттілік ол-:

1. әшекей тауарларға деген жеке тұлға мен заңды тұлғаның жалғыз сұранысы;

2. жеке адамның, әлеуметтік топтың, не қоғамның өмір сүруіне қажетті қандай да бір игілікке және қызметке талап-тілегі;

3. өмір сүруге қажетті заттарды тауар өндірушілердің рынокта ұсынуы;

4. бірінші кезектегі тұтыну тауарларының өндірісі;

5. дұрыс жауап жоқ.

66. Экономикалық теория бұл:

1. адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу нысаны;

2. шаруашылықты тиімді жүргізу заңдарын, шаруашылық жүргізуші тұлғалардың түрлі тарихи кезеңдегі іс әрекетін ұғымдар мен категориялар арқылы зерттеу;

3. жекелеген оқиғалардан жалпы логикалық пайымдау әдісі;

4. жалпы пікірлер мен пайымдаулардан жеке қорытындыларды логикалық тұжырымдау әдісімен зерттеу;

5. берілген жауаптың ешқайсысы да дұрыс емес.

67.Өндірістің табиғи факторы:

1. капитал

2. кәсіпкерлік

3. жер

4. мұнай

5. еңбек

68. Табиғи ресурс факторынан алынатын табыс:

1. Пайыз

2. Капитал

3. Рента

4. Барлығы да дұрыс

5. Жалақы

69. Айырбас қатынастары қалай сипатталады:

1. экономикалық процестерді ұйымдастыру түрі;

2. рынокты сегменттеу (жапырақтау);

3. адамдардың еңбек өнімдерімен алмасуы;

4. тауарларды бөлу;

5. өндіріс факторларын қосу.

70. Экономика дегеніміз:

1. адамдардың құқық жөніндегі қатынастары

2. адамдардың өндірістік қызметін басқару

3. қоғамдағы адамдардың материалдық игіліктер мен қызметтер жөніндегі қатынастары

4. өндіргіш күштерге адамдардың ықпалы

5. адамдардың табиғатты игеруі

71. Байлықтың көзі сауда саласында емес, материалдық өндірістің барлық салаларында деп тұжырымдайтын экономикалық мектеп:

1. утопистік бағыт

2. маржиналистік мектеп

3. классикалық мектеп

4. әлеуметтік бағыт

5. бірінші, төртінші дұрыс