Тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қолсыз төлеген кезде ақша қандай қызмет атқарады?

1. Құн өлшемі.

2. Айналыс құралы.

3. Қорлану құралы.

4. Төлем құралы.

5. Әлемдік ақша

89. Рыноктың оң жақтары:

1. бәсекенің, меншік институттарының, кәсіпкерліктің болуы;

2. ресурстардың тиімді бөлуін қамтамасыз етуі;

3. дұрыс жауап жоқ;

4. 1, 2 дұрыс;

5. банкрот институтының болуы.

90. "Халықтар байлығының табиғаты және себептері жөнінде зерттеу" еңбегінің авторы:

1. К. Маркс

2. П. Самуэльсон

3. Д. Рикардо

4. А. Смит

5. Л.Вальрас

91. Экономикалық өмірді анықтаушы, жетекші қатынас:

1. саяси-құқықтық қатынас

2. мәдени-ағартушылық қатынас

3. өндіргіш күштердің даму заңдары

4. өндірістік қатынас

5. діни қатынас

92. Экономикалық жүйелердегі ең басты қатынасты атаңыз:

1. ұйымдастыру

2. рыноктық

3. кеңістік

4. меншік

5. техникалық

93. Қазақстан тарихының бастапқы кезінде қандай экономикалық даму басым болды:

1. қолөнер

2. өнеркәсіп

3. көшпелі мал шаруашылығы

4. ауыл шаруашылығы

5. индустриалды

94. Меншіктің мазмұны:

1. адамның затқа қатынасы

2. өнім өндіруден туындайтын адамдар арасындағы қатынастар

3. адамдардың туыстық қатынастары

4. адамдардың өндіріс құрал жабдықтарын сату- сатып алу қатынастары

5. тұлғаның рыноктағы орнын белгілейтін байлық

95. Ұдайы өндірістің экстенсивті түрі қалай сипатталады:

1. өндіріс пен өнімді жақсарту арқылы даму

2. кәсіпорындарды реконструкциялау

3. қосымша еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарын қатыстыру

4. жұмысшылардың біліктілігін арттыру

5. еңбек өнімділігін арттыру

96. Меншік бұл ұрлық -деп анықтама берген идеолог:

1. А.Смит;

2. Платон;

3. Прудон;

4. Анри Клод Сен-Симон.

5. А. Маршалл

97. Қазақстан Республикасында қандай меншік түрлері заңды түрде қорғалады:

1. жеке;

2. барлық меншік түрі;

3. мемлекеттік;

4. муниципалды;

5. интелектуалды.

98. Экономиканың жекелеген субъектілері деңгейінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды оқытатын бөлім:

1. микроэкономика

2. менеджмент

3. макроэкономика

4. маркетинг

5. мегоэкономика

99. Микроэкономика зерттейді:

1. аймақтық тауар сатушылардың іс-әрекетін;

2. фирманың қызмет ету механизмін;

3. халықаралық қатынастарды;

4. жалпы ұлттық шаруашылықты;

5. Дұрыс жауап жоқ.

100. Төмендегі жағдайлардың қайсысын макроэкономика қарастырады:

1.фирма шығындарын;

2. Ресейдің сыртқы экономикалық қатынасын;

3. инфляция мен жұмысбастылықтың жалпы дәрежесін;

4. тұтынушы талғамын;

5. тұтыну тауарларына сұраныстың өзгерісін