Девальвация дегеніміз не?

A) ұлттық валюта курсының басқа елдердің валюта курсына қарағанда төмендеуі

B) айналысқа жаңа ақша шығару

C) ақша жүйесінің элементтерін өзгерту жолымен ұлттық валюта құнының өзгеруі

D) инфляцияға қарама-қарсы ұғым

E) ұлттық валюта курсының басқа елдердің валюта курсынан жоғарылауы

94. Макроэкономика төмендегілердің қайсысын қарастырмайды:

A) кәсіпорын шығындарын;

B) инфляция механизмін;

C) ҚР жиынтық өнімін;

D) жұмыссыздық деңгейі;

Е) салық саясатын.

95. Төменде көрсетілгендердің қайсысы қоғамдық игілікке жатпайды:

A) жеке саяжай;

B) электрэнергиясы;

C) полиция;

D) елдің қорғанысы;

E) ел көлеміндегі су тасқынынан сақтау.

96. "Фиаско" немесе мемлекеттің дәрменсіздігі төмендегі жағдайлардан туындайды:

A) өнеркәсіптік өндірістің кезекті құлдырауы;

B) Үкіметтің толық ақпараттанбауы;

C) жеке секторға бақылаудың шектеулілігінен;

D) өкілді демократиялық жүйенің жетілмегендігімен;

E) жеке рыноктағы монополистік баға қалыптасуымен.

97. Трансакциондық шығындар дегеніміз:

A) айырбас аясындағы шығындар;

B) өндіріске кеткен шығындар;

C) шекті шығындары;

D) орта шығындардың бір түрі;

Е) салық төлемдеріне шығынның бір бөлігі.

98. Инфляцияның сыртқы себептері:

A) ақша эмиссиясының көптігі

B) әлемдік рыноктағы бағаның және сыртқы қарыздың өсуі

C) әскери шығындардың өсуі

D) салық жүйесінің дұрыс еместігі

E) әлемдік банк жүйесі

99. Интенсивті экономикалық даму - бұл:

A) өндіріс факторларының сандық тұрғыдан артуы, технологиялық базасы тұрақты қалпында қалуы

B) өндіріс факторларының тұрақты қалпында қалып, технологиялық базасын сапалық деңгейін көтеру

C) қосымша жұмысшы күшімен, жерді ұлғайту арқылы

D) қосымша еңбек, капитал ресурстары арқылы ұлғаюын айтады

E) технико-технологиялық базаның сандық деңгейін көтеру

100. Инфляцияның негізгі белгісі:

A) жалақының көбеюі

B) тауар тапшылығы

C) жалақының азаюы

D) тауар бағасының көтерілуі

E) пайыз ставкасының жоғарылауы

101. К.Маркс бойынша жалақының мәні:

A) еңбек бағасы

B) еңбек факторларына төлем

C) жұмыс күші тауардың бағасы

D) еңбек өнімінің толық құны

E) еңбек шығынын өтеу

102. Олигопсония - ол:

A) бір ғана фирманың болуы;

B) сатып алушы біреу, сатушы көп;

C) сатып алушы екеу, сатушы жалғыз;

D) фирмаларға қатысы жоқ категория;

E) бірнеше сатып алушының болуы.