КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу: белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда жіберілген сабақтардың материалы өз бетінше игерілуі тиіс.

Қойылатын талаптар: сабақтарға қатысу; семинар сабақтарына белсенді қатысу, сұрақтар қою, жауап беру; негізгі және қосымша әдебиетерді меңгеру; СӨЖ- ді орындау; барлық тапсырмаларды уақытында өткізу.

Семинар сабақтары бойынша баллдар сұрақтарға ауызша- жазбаша жауап беру, мәселені шешуге қатысты шешімдер топтамасын дайындау, есептер шығару арқылы жинақталады.

Емтихан теориялық сұрақтарға сәйкес құрылған тест кешені арқылы өтеді.

Студентке берілетін ұсыныс кеңестер: Басқаның пікірін сыйлау, оларға сабырлылық таныту. Өз көзқарастарыңызды нақты бере білу. Жұмыстарды көшіріп алуға, алдауға жол бермеу. Аралық бақылау, СӨЖ тапсыру, емтихан барысында көшіруге, басқаға көмектесуге, басқа студентің орнына тапсыруға болмайды. Курс бойынша кез келген ақпаратты көшірген, шпаргалканы пайдаланған студентке төмен баға қойылады.

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 1 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-09
01.02.2009 ж.