рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді. - раздел Экономика, БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ Меркантилизм – Ең Алғаш Экономикалық Ілім Xvi­xvii &...

Меркантилизм – ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.

Меркантилистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантилистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кенэнің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды қанаттандыру жолдарымен әдістерін зерттейді. Қажеттілік – бұл адам баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінеді. Ол сезім оларды қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады.

Қажеттіліктердің түрлері:

- Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

- Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар екі түрге бөлінеді.

- Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).

- Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).

Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.

Ø Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.

Ø Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.

Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.

Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащ пен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге олады.

Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.

 

1.1. кесте

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Б ЛІМ ЭКОНОМИКАЛЫ ТЕОРИЯ ЫЛЫМ РЕТІНДЕ... Та ырып ЭКОНОМИКАЛЫ ТЕОРИЯ П НІ МЕН... Экономикалы теория...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Экономикалық теорияның функциялары.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
  Жалпы әдістер Жеке әдістер 1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған қ

Негізгі түсініктер мен терминдер
Институционализм Кейнсиандық мектеп Классикалық саяси экономия Маржинализм Меркантилизм Неолассикалық теория Физиократизм

Ндіріс және ұдайы өндіріс.
  Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің

Оғамдық өндірістің құрылымы
  Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы,

Жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.
  Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесін

Бақылау сұрақтары
1. Қоғамдық өндірістің сатылары. 2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері. 3. Өндіргіш күштерге сипаттама.

Аралас экономикалық жүйе.
  Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамны

Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. І

Азақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта қ

Экономиканы реформалауда меншіктің орны
Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының

Бақылау сұрақтары
1. Экономикалық жүйе және оның түрлері. 2. Экономикалық жүйедегі аралас жүйенің негізгі үлгілері. 3. Экономикалық

Азақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде

Жекешелендірудің тәсілдері
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2.Кәсіпорын капиталы-ның үлесін сату (акцияларды) 3.Жалға берілген к

Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
  Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық 1. Экономикалық қатынастар тұйық жw

Ақшаның атқаратын қызметтері.
1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың тү

Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.
3. Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.   Нарық

Тауарлар мен қызметтер нарығы
- тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы; - қызметтер нарығы;

Аржы нарығы
- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар; - несие нарықтары; - құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);

Нарық үлгілерінің сипаты
Жетілген бәсеке Жетілмеген бәсеке Таза бәсеке Монополистік бәсеке Олигопо

Шоғырланудың бағыттары

Икемділік коэффициенті.
Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде туатын негізгі мәселелер: - Нені өндіру қажет? - Қалай өндіру қажет? - Кім үші

Бақылау сұрақтары
  1. Сұраныс: түсінігі, заңы және кисық сызығы. 2. Сұранысқа әсерін тигізетін бағасыз факторлар. 3. x

Азақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы.
  Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін ө

Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және праволық жағдайлар
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, &

Кәсіпкерліктің түрлері
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық. 2. Меншік т

Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.
1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады. 2. Ассоциация – экономикалық дербес к|

Кәсіпорындардың негізгі формалары
Формалар Артықшылықтары Кемшіліктері Жеке шаруашылық -бизнес, иесі бір адам. - Іс әрекеттіv

Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда. 1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктіс

Кәсіпкерлік істің элементтері
Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1) Бизнес –жоспарды жасақтау (2) І-ші бөлім кіріспе Ресурстың к

Бақылау сұрақтары
  1. Кәсіпкерлікке жалпы сипаттама. 2. Кәсіпкерлік қабілеттіліктің функциялары. 3. Кәсіпкерліктің экономикалық-әлеуме

Инвестиция өндірістік қорлардың қаржыландыру көзі.
  Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік

Табыс және пайда.
  Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қа

Нім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындарМС есептеледі.
Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген

Жер нарығы және жер рентасы.
Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің

Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
    Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
3. Макроэкономикалық тепе-теңдік.   Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микро

Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы.
ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама с

Жиынтық сұранысқа (АД) әсерін тигізетін факторлар
         

Инфляция түрлері. Инфляция қарсы саясат.
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құб

Негізгі терминдер мен түсініктер
  Жасырын жұмыссыздық Жұмыссыздық Құрылымдық жұмыссыздық Филлипстің қисық сызығ

Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат 

Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар
  1. К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдық оқтын-оқ

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
  Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында 1. Ақша несие саясаты Пайыз м&

Экономикалық циклдардың типтері
  Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері

Бақылау сұрақтары
  1. Экономикалық циклдың дамуы. 2. Дағдарысқа қарсы саясат шаралары. 3. Экономикалық дамудың циклдарының себептері.

Азақстан Республикасының банктік жүйесі.
  Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады. Ақша жүйесіні

Несиенің түрлері
Әрекет ету мерзімі бойынша

Бақылау сұрақтары
1. Ақшаның түсінігі мен қызметтері. 2. Ақша жүйесі. 3. Несие түсінігі. 4. Несие жүйесі. 5. Қазақстан

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.
Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен 

Азақстанның әлемдік шаруашылықтағы рөлі
  Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларлы - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады: - К

Сыртқы сауда саясатының салыстырмалы сипаттамасы.
    Протекционизм Фритредерство Мағынасы: Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргі

Халықаралық экономикалық интеграция
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықт

Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам
еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.   Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы

Жалпы ұлттық өнім - статистиканың жинақтап қорытатын
макроэкономикалық көрсеткіші, яғни ел ішінде және сондай-ақ басқа да шет елдерде белгілі бір мерзімде өндірілген тауарлар мен қызметтерді

Дебиеттер
  1. Казақстан Республикасының Конституциясы, Алматы 1995 ж. 2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі). Алматы,

Кредит-сағат).
  1. Нарықты шаруашылықты ұйымдастырудың объективті себептерінің туындауы мен пайда бол шарттары: ресурстарды шектеу заңы, қоғамдыu

Тақырып:. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізі. (1 кредит-сағат).
1.Сұраныс, ұсыныс және баға өзара байлансты және өзара әрекеттесуші нарықтық механизмінің элементтері ретінде. 2.Сұр

Тақырып.Нарық моделі. (1 кредит-сағат).
1. Бәсеке нарықтың негізгі элементі ретінде. 2. Жетілген бәсекенің жағдайдағы нарықтық механизмінің функциялары. 3. Мон

Тақырып. Ұлттық экономиканың негізгі мақсаты –макроэкономикалық тепе-теңдік. (1 кредит-сағат).
1. Жиынтық сұраныс, бағалық және бағалық емес факторлардың жиынтық сұраныс динамикасына әсері.

Арасындағы айырмашылықтар.
3. Экономикалық талдаудағы Оукен заңының рөлі.   13-Ақша, банк жүйесі, ақша несие саясаты. ( 1 кредит-сағат). 1

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар жинағы.
  1. Позитивті және нормотивті экономикалық теория. 2. Экономикалық жүйесінің жіктелім теория типтері: дәстүрлі, нарықтық

Негізгі әдебиеттер
1. Шеденов.Ө.Қ. Сагындықов Е.Н. Жүрсінов Б.А. Байжомартов У.С. Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория, Оқулық. - Ақтөбе, 2004ж. 2. Шед

Курстың саясаты.
1. Сабаққа кешікпеу, кешігіп келгендерді сабаққа кіргізбеу. 2. Сабақ үстінде сөйлеспеу, газет оқымау керек, сағыз шайнамау, ұялы

Білімді бағалау ақпараты.
Бағалау түрлері мен нысаны: Ағымдық бақылау-дәріс сабақтарына қатысу және белсенді араласу,практика

Пән бойынша білімді бағалау кестесі.
  № Сабақтың түрі мен студенттің орындайтын жұмыстары. Баллдар саны min / max  

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги