рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Экожүйелер

Экожүйелер - раздел Экономика, Экономика, бизнес жәнеәлеуметтікғылымдаржоғарымектебі Әрбір Биогеоценоз, Негізінен, Екі құрылымды Бөліктен,...

Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды.Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.

Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым әрекетіне тікелей байланысты болады.биогеоценоздағы зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланыстыэволюция барысында үнемі күрделеніп отырады.

Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.

Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады.

Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер деп атайды.

Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.

Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады.

Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.

Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.

Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:

1.Сандар пирамидасы – әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.

2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.

3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.

«Экожүйелер» және «биогеоценоз» ұғымдары бір – бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе – фитоценозбен сипатталады.

Уақыт бірлігіндегі өсімдіктердің органикалық массасын құру бірлестіктегі бірінші өнім деп аталады.

Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының өсуі бірлестіктегі екінші өнім деп саналады.

Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға байланысты тіршілік ету жағдайлары мен олардың даралар қатынастары жағынан үнемі өзгерістер болып отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады,оларды 2 түрлі типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.

Тізбекті өзгерістер бірлестіктегі тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік ырғақтарының байқалуымен болатын өзгерістерді сипаттайды.

Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр аяғында сол бірлестікте басқарушы түрлердің пайда болуына әкеледі.

Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия деп аталады. Олар бірінші және екінші деп бөлінеді.

Бірінші суцессия – тіршілігі жоқ жерде тіршілік түғызады.

Екінші сукцессия – бұрын тіршілік болып, түрлі экстремалдық жағдайларға байланысты (өрт,мұздану т.б.)жойылып кеткен жерде тіршілік пайда болуы немесе басқадай ағзалық құрамда қайта қалпына келтіреді.

Экожүйенің тұрақтылығы, биологиялық айналымның сенімді өтуі, түрлердің әртүрлілігіне негізделген және сукцессияның толықтылығы сол бірлестіктің эволюциялық ұзақ өзгерісінен туындаған.

 

Биотикалық қарым-қатынастар типтері Биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоңенозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара корек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жагдайьшдағы қарым-қатьшастарының көрінісі. Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады.Мысалы, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяңиясын реттеуі жатады. Тұраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине Қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, . тұрағы үшін, аумақтық т.б.) факторлардың жетіспеуінен де болады.Жыртқыттык - қорек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық - түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Жыртқыштық организмдер үшін оңайға туспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып, үстауы қажет. д л жемтік өз кезегінде жауынан қорғану үшін жоғары бейім- делушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойында морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б. өзгерістерге алып келді. Олар өсімдіктерде тікен, қабық , жағымсыз иіс түрінде білінсе, жануарлар дүниесінде улы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер, мінез- құлкының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету, жасырыну т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, тұз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр көпқоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейде пассивті (өлекселермен қоректенетіндер) формалары келіп шыққан.Сондай-ақ табиғатта жәндіктермен қоректенетін де автотрофты өсімдіктер болады. Олар жәндіктерді еліктіріп, қармап алады да органикалық қышқылдар мен ферменттердің көмегімен қорытады. Жәндіктермен қоректену арқылы өсімдіктер субстраттағы азоттың және басқа жа қоректік заттардың жеткіліксіздігін осылай толтырады. Жәндіктермен қоректенетін 500-ге жуық өсімдіктер белгілі (көпшілігі тропикада кездеседі). Әдетте мұндай өсімдіктер топырақта азот, фосфор, калий элементтері жеткіліксіз жерлерде (суларда, батпақты жерлерде) өседі. Жәндіктерді еліктірудің жолдары да әртүрлі: біреулерінде су асты жапырақтарының қапшық сияқты мүше түзуі, екіншілерінде (непентес) жапырақ сағағының жоғарғы жағы құмыра тәрізді болады. Беті жылтыр болғандықтан жәндіктер одан тайып кетіп отырады. Альдрованда өсімдігінін жапырагы жабысқақ сүйықтық бөлетін қызғылт түкті болып келсе, дионея өсімдігінің жапырақтары қақпан сияқты жабылады . Кейбір өсімдіктер күніне бірнеше ондаған жәндіктермен қоректенеді.Адам баласы жыртқыштар мен құстарды байқап олардын міңез - құлқына қарай ат қойып, колға үйретіп, мәдени формаларын шығаруға үмтылып отырған. Кейбір кезеңдерде жыртқыш аң мен құстарды «зиянды», «қас жау», «құбыжық» санап көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың бас кездерінде жыртқыпггарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық апаттарға үшырап отырған. Мәселен, касқырларды қырып түз тағыларының арасындағы жұқпалы аурулардың тез таралып андардың қырылуы немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар өте пайдалы организмдер екені қазір баршамызға мәлім. Олар «дала санитары» ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-тендікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш - табиғи срыптаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей эсер ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың әсері эволюцияның қозі аушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара салмағын реттеп отыратыны анық.Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі. Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастагі жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Әсіресе бұл қарым-қатынас вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар, өсімдік пен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық . Бірақ, олардың қай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің Жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен ңемес ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал адамның ішек- қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т.б. организмдер паразиттер қатарына жатады.Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Олардың қатарына Қазақстан аумағында жиі кездесетін маса, сона, бүрге, кенелер жатады. Әсіресе республикамыздың шөл- шөлейтті аймағында кездесетін маса, бүрге, кенелердің биологиясын білу олармен күресгі, сақтануды жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар (түлкі, қоян, жыртқыш құстар, қарсақ, т.б.) паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып отырған жапон энцефалитінің қауіпті паразит екенін бәріміздің білгеніміз жөн.Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір- біріне еиібір зиянын тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады.Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдыгымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорганысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егер де комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.Мутуализм - әр түрге жататьш организмдердің бір-біріне қолайлы жагдай тұғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мәселен , тақуа шаян (рак отшельник) мен актиния арасындағы қарым - қатынас немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы. Зоохария - жануарлардьщ орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер туқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер пайда болып олар құстар, сұтқоректілердің және басқ а да жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алые кеңістіктерге тарауы.Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын - пассивті (эктозоохория) дейді. Ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқылы таралады.Оларды - активті (эндозоохориялық) таралу жолы деп атайды. Аллелопагия - организмдердің денесінен өзіне тән химиялық заттар шығару арқылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінғен заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тиғізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімғі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізее, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркенішті (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі белсенді заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық белсенді заттарды көп организм де бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, гиббериллин медицинада жиі қолданылады.Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрін - аменсализм деп атайды. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырсқалар көршілес құмырсқа илеулерінен жұмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек. Организмдер арасындағы қарым-қатынастардың кейбір түрлерін 6 кестеден де көруге болады.

 

Биотикалық факторларға жоғарыда айтылғандай зоогенді (жануарлар әсері), фитогенді (өсімдіктер әсері ) және микробогенді (микроорганизмдердің әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер газ тәрізді заттар (фитонцидтер) бөліп шығарады. Ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңырау- құлақтар) жойғыш әсер етумен қатар табиғи ортаны сауық- тырады. Ал әртүрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдік- тердің жұқпалы ауруларын кең таратады. Оған мысал ретінде астық дақылдарының тат кеселі мен қаракүйесін, картоп фитофторозын және т.б. келтіруге болады. Сондай-ақ ауру малдар арқылы жануарлар арасында да жұқпалы аурудың кенеттен тарайтын жағдайлары болады.Организмдер арасьшдагы қарым-қатынастар өте күрделі және алуан түрлі. Оларды шартты түрде тікелей және жанама деп белуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықталады, яғни, өзінің тіршілігіне энергияны кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқа организмдер қоректенеді. Жыртқыш-қорек немесе иесі-паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді және бейімделуші қасиеттердің сақталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп популяция санының динамикасын анықтайды.Жанамалық қарым-қатынаста бір организмдер екінші бір организмдерге орта түзушілік, субстрат ролін атқарады. Мысалы, ормандарға жергілікті және Әлемдік орта түзуші қызметі тән. Олар топырақты және суды қорғап отырады. Сонымен қатар ормандарда ағаштардың сыртқы құрылысына байланысты пайда болатын ерекше микроклимат орман жануарларының, өсімдіктерінің өсіп-дамуына жағдай туғызып отырады. Су қоймаларында өсетін өсімдіктер ондағы тіршілік ететін организмдерге өте қажетті оттегінің көзі болып саналады. Өсімдіктер басқа организмдердің тіршілік ортасы болып та табылады. Мысалы, ағаш қабықтарында, тамырларында, жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінде көптеген құрт- құмырсқалардың түрлері мен омыртқасыздар тіршілік етеді, ал ағаш қуыстары көптеген құстар мен сүт қоректі жануарлардың мекендейтін жері болып табылады.«Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж.Грйнелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялық қуыс - абстракты ұғым, бұл табиғапипа түрдің тіршілік етуіне ыкңал ететін барлық орта факторларынын жиынтыгы. Ю.Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, ягни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал қуыс - түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен бір экологиялық қуысгы иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысғы иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады. Африка саваннасында жайылып жүрген тұяқты жануарлар жайылымның шөптерімен әртүрлі қоректенеді: зебралар негізінен өсімдіктердің бас жақтарымен, антилопа гну зебралардан қалган өсімдіктердің тек кейбір түрлерімен, газельаласа өсімдіктермен, ал топи антилогіалары басқа жануарлардан қалган, құраған биік шөптермен қоректенеді.Гаузе пршщипі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеністіктегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажсттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысгы (орынды) иелене алмайды. Өмір сүруі үшін бір түр міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек (қорек түрін, тіршілік ету түрін).Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанымен (фотосинтез) және ортаның бірдей қорларын (минералды заттардың ерітінділері, көмір қышқыл газ) пайдалануына қарамастан олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерде гүлдеп, жеміс береді, тозаңдатқыштары да әртүрлі болады.Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы (орны) болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметімен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австралияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен лтқаратын қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал бір систематикалық түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік түрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі бірі жыртқыш болса, екіншісі қалдықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны түрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. Мәселен, өсімдік гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында немесе тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды.Сол сияқты ормандағы ағаш тектес немесе шөптесін өсімдіктер ярустылыққа (қатарлар) байланысты реттеліп орналасқан. Ормандардағы ярустылық - әртүрлі организмдердің экологиялық Қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге Жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: Фундаменталъды және іске асырылған. Фундаментальды қуыс - түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған - түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. іске асырылған қуыс Фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.Экологиялық сукцессия Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы организмдердің молдыгы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуьш экологиялық сукцессия (латынша succession - ауысу) деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық катар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманга айналуын келтіруге болады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Экономика, бизнес жәнеәлеуметтікғылымдаржоғарымектебі

аза станРеспубликасыны білімж не ылымминистрлігі... аза Гуманитарлы За Университеті... Экономика бизнес ж не леуметтік ылымдаржо арымектебі...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Экожүйелер

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Гуманитарлықжәнежаратылыстанупәндерікафедрасыныңотырысындаталқыланды
  Хаттама № ____ «_____» _________­­­­­­­___________ _________ж.   Кафедра меңгерушісіт.ғ.к., доцент Ж.Д. Құсайынова  

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнініңатауы: «Шекарааралықэкологиялық мәселелер»     Барлығы -

Постреквизиттер
“Экология және тұрақты даму” пәні студенттердің келешекте «экологиялық құқұқ», «халықаралық экологиялы

Пәннің мақсаты
-халықаралық экологиялық ынтымақтастықтығын экологияның бас кешенді салаласы ретінде қарастыру - табиғатты игерушілік

Модульдің атауы:Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау
Модуль пәнінің атауы: Экология және тұрақты даму. Шекарааралық экологиялық мәселелер № Дәрі

СОӨЖ және СӨЖтапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
Модуль пәнінің атауы: : Шекарааралық экологиялық мәселелер Тақырып № СОӨЖ СӨЖ

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
1. Прохоров Б.Б Экология человека: учебник. 6-е изд., перераб. и доп. Изд-Academia 2011 2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: О&#

Экологиялық кітапханамен порталдар.
http://ecoportal.ru – ЭКО Портал http://www.unep-wcmc.org - Всемирный центр мониторинга охраны окружающей среды www.EarthPortal.org – портал Земли http://wdc.nbii.gov/ma/

Тұрақты технологиялар арналған сайттар.
http://www.eco-web.com – глобальная директория «Зеленые страницы» http://www.reenergy.by - информация о возобновляемых источниках энергии, энергоэфективности, пассивному отоплению и т. п.

Білімдібағалаудыңжалпышкаласы
Аттестациялықәріптікбаға Балдардыңсандықэквиваленті Оқупәнінмеңгерудәрежесінің %-дықм}

Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы
«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) егер студент бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да қ

ГЛОССАРИЙ
Абиотикалық фактор – жансыз табиғат факторы.   Автотрофты - өздігіне қоректенуші деген түсінікті береді, я

Экология және тұрақты даму.
Студент саны: (КЭ-101, КУиА-101, КФС-101, КФССП-101, КТ-101, КПХ-101, КС-101-КСР-101, КПД-101, КМП-101, КСК,КТД-101, КСК-102, КЮ-101, КЮ-102, КЮССП-101,102, ЮСП-1

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Оршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау саласы бойынша заңдар
Ресурстар мен обьектілер Заңдар: Жер «Жер туралы» Жер қойнауы «Жер қойнауы ж&

Биологиялық экология
Греч . Oikos - пәтер-үй + Logos - ғылым Экология - ғылым құрам туралы , құрылымға , қасиеттерде , функционал ерекшеліктерде ж

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Популяцияның жастық құрылымы
Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады.Т

Популяцияның кеңістік құрылымы
Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құ

Популяция динамикасы
Егер кез келген популяцияға сыртқы орта факторлары шектеулік жасамаса, теориялық сандық жағынан шексіз өсуге бейім. Бұндай гипотетикалық жағдай

Тақырып бойынша тест сұрақтары
1. Экологиялық факторлардың категориялары: A) Фитогенді және зоогенді. B) Климаттық және химиялық. C) Андропогенді және климатты

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Биоценоздың құрылымы
Кез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылым

Негізгі терминдер
Биоценоз – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяциясының жиынтығы.

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Белгілі бір территорияны мекендейтін барлық тірі ағзалардың қауымдастығы: А) Биоценоз. B) Экологиялық қуыс. C) Биом.

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Тақырып бойынша тест сұрақтары.
1. Бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде жұмсалатын қуат мөлшері А) 20% B) 10% C) 5% D) 15% E) 1%

Биосфера туралы түсінік және оның компонентттері.
«Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы і

Тақырып бойынша тест сұрақтары
1. «Биосфера» терминін ұсынған ғалымды атаңыз: А) Э. Зюсс. B) В.ВДокучаев. C) В.И.Вернадский. D) Э. Геккель. E) Ю. Одум.

Ала тұрғысында даму
Тұрақты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалар

Оршаған орта
Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында, Осло қаласында (Норвегия), ол 2003 жылы

Леуметтік сала
Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қыз

Алалық жоспарлау және даму
Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар жә

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Тұрақты даму дегеніміз-бұл: А) Келешекке ұрпақтың қажеттіліктерін шектеп, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қ

Атмосфераны қорғау.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі р

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Ерекше қорғалатын территориялар
Ғылыми – техникалық прогреспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң күшеюiмен байланысты «жабайы» табиғаттың кейбiр бөлiктерiн,

Негізгі терминдер
Биосфера – тіршілік иелерімен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты.   Биологиялық айналым – организм

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Қызыл кітапқа тіркелген организмдердің ерешеліктерін атаңыз: A) Анықталмаған, сирек, жойылып кеткен, жойылып бара жатқан. B) Саны азай

Экология және тұрақты даму» бірінші аралық бақылау сұрақтары
1. Экология ғылымы туралы түсінік. 2. Тұрақты даму ұғымының пайда болу тарихы. 3. Рим клубы, және Медоуз және Форестор еv

Р территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентра

Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.
  Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым ба

Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан экологиясы саласындағы негізгі проблемалық мәселелерге мыналар жатады: 1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың а

Орта Азияның шекарааралық табиғи ресурстары.
  Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.1992 ж

Азақстан Республикасының негізгі міндеттемелері
Биосаналуандықты сақтау бойынша жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын құру; Жоспар шараларын қаржымен қамтамасызд

Азақстан Республикасындағы БҰҰ биологиялық сан алуандығы туралы Конвенциясының орындалуы
Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы. Экологи

Жойылып кету қауі бар түрлер және қорғалатын түрлер
Бұл көрсеткіш жоғалып кету қауіпі бар биоәралуандылықты санының және түрлердің бағалық жағнайын бағалауға м

Шекарааралық Жайық өзені
Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақста

Алдықсыз, және аз қалдық технологиялар.
3.Қазақстандағы әрекететуші және жабылған полигондар.   Сабақтың мақсаты:Трансшекаралық с

Халықаралық келісімдер
Үлкен қашықтықтарда ауаны трансшекаралық ластау туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы ластайтын заттардың шығарындыларын алдын-алу, бақылау, қ

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар
Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының жалпы көлемі стационарлы және жылжымалы ластау көздерінен төгінділердің сомасы ретінде аны

Парниктік газдардың шығарындылары
Осы көрсеткіш қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларының бар және күтілетін әсерін анықтауға ғана емес, сонымен қ

Халықаралық келісімдер
БҰҰ АӨНК Жақтарды шығарындыларды қысқартуға, сәйкес ақпаратты жинауды қамтамасыз етуге және ауа-райының өзгеруін,

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсынымдар
Парниктік газдардың жалпы көлемін тұтастай экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Б

Ж. су құстары, су - батпақ қоныстағы құстар туралы халықаралық маңызы бар, конвенция.
«Адам және Биосфера» атты ЮНЕСКО бағдарламасы (“Man and Biosphere”, MAB) жергілікті және ғаламдық деңгейде адамдар мен қоршаған орта арасындағы

Азақстанмен Қытайдың арасындағы шекарааралық өзендердiң реттеуiндегi Шостің рөлі.
Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көп

Ж. Теңіздерді радияциялық қалдықтардан қорғайтын конвенция
Сабақтың мақсаты;Дүниежүзілік мұхиттың ластанудан шекарааралық қорғау шараларын қарастыру. Каспий теңiзi бассейнi ме

Азақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Елімі

Сабақ мақсаты:Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғ

Экология және тұрақты даму»екінші аралық бақылау сұрақтары
1. Биосфераның дамуы, биосфераның қасиеттері, биосфераны қорғау. 2. Биосфера құрамы және шегі. 3. Биосферада тірі организмдерді

Карточкалар
Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер Міндеті особьтардың тірш

Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
  Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық саб

Білімді бақылауға арналған материалдар
  Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
  Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу. Дискуссия

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
  Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық ба

Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Оқу процесі барысында кафедра оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және 

Экология және тұрақты даму пәні бойынша модулді сипаттауға арналған формуляр
Модульдің аталуы мен шифрі Модуль- Модуль- Қоршаған ортаны қорғау мен денсаулықты сақтау. Шекарааралық экологиялық

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги