рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Атмосфераны қорғау.

Атмосфераны қорғау. - раздел Экономика, Экономика, бизнес жәнеәлеуметтікғылымдаржоғарымектебі Адам Мен Табиғат Арасындағы қарым-қатынас. Жер Бетінд...

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды.Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.

Бірінші кезең — бастапқы тас (палеолит) дәуірін қамтиды. Бұл кезенде алғашқы кауымдық қоғам қалыптасып, адамдар аң аулауды және өсімдіктерді жинауды кәсіп етті. Осы дәуірдің өзінде-ақ адамның өсімдіктер мен жануарларға әсері байқала бастады. Мысалы, ретсіз көптеп аулаудың нәтижесінде мамонттар, алып бұғылар, жүнді мүйізтұмсықтар және т.б. аңдар жойылды.Екінші кезең — неолит дәуіріндегі (VIII—VII б.з.д. мыңжылдық) егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуымен ерекшеленді. Мұндай шаруашылықтар үшін бұрын пайдаланылмаған жаңа жерлер игерілді, орманды алқаптар қырқылды, шалғындықтар жыртылды және т.б. Осындай іс-әрекеттердің әсерінен бір кездегі табиғаты шұрайлы жерлер (Сахара, Гоби, Қарақұм, Қызылқұм өңірлері) бірте-бірте шөлге айналды. Бұл дәуірдің соңында адамдар жаңа жерлерге саяхаттар ұйымдастырып, бұрын белгісіз құрлықтарға қоныстанып, сол аймақтардың табиғатын игере бастады.Үшінші кезең — өнеркәсіптің қарқынды дамуымен ерекшеленді. Бұл кезең XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың орта кезіне дейінгі аралықты камтиды. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін жаңа шикізат көздері пайдаланыла бастады. Соның нәтижесінде жаңа отын мен пайдалы қазба түрлерін пайдалану еселеп арта түсті. Бұл кезеңде адам санының артуы, түрлі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының кең өріс алуы, адамның табиғатқа әсер етуін күшейтіп, пайдалы қазбалар қорының азаюына, биосфераның ластануына ықпал етті.

Экологиялық дағдарыс (немесе төтенше экологиялық жағдайлар) кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас шиеленісе түседі. Бұл кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар биосферадағы тарихи қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді. Мұның өзі түптеп келгенде адамзат өміріне қауіп төндіре бастады. Экологиялық дағдарыс — қайтымды процесс. Оны адамның белсенді түрде жүргізілген іс-әрекеттері арқылы біртіндеп жоюға болады. Мысалы, экологиялық таза энергия (жел, Күн, су) көздерін кеңінен пайдалану немесе пайдалы казбаларды әрі тиімді, әрі кешенді пайдалану және т.б. Тірі организмдердің сирек түрлерін қорғау жұмыстарын қатаң қадағалау, ормандарды қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын арттыру және т.б. жұмыстар арқылы да экологиялық дағдарыстарды тоқтатуға болады.

Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас әбден шиеленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да экологиялық апат қайтымсыз процесс болып саналады. Экологиялық апат көбіне адамның тікелей немесе жанама іс-әрекеттерінің нәтижесінен пайда болады. Бұл кезде кейбір өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері мүлде жойылады.

Адамдардың іс-әрекеттерінен соңғы 300 жылда құстардың 140- қа жуық, ал сүтқоректілердің 106 түрі біржола жойылып кеткен. Антропогендік факторлардың жануарлар дүниесіне әсер етуі жылдан-жылға айқын байқалуда.

Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәулелер жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы, метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік (жылыжайлық) газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды.Аймақтық экологиялық мәселелер — жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады.Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.

Атмосфералық ауа құрылымы және оның негізгі ингредиенттерінің экологиялық маңызы.Біздің дәуірімізге тән ерекшеліктердің бірі өнеркәсіп өндірісінің ғылыми – техникалық прогресі болып табылады. Химия өнеркәсібінің мекемелері атмосфераны көмір сутектерімен, күкүртті ангидритпен, азот тотықтарымен, хлор және фтордтың әр түрлі қоспаларымен, және т. б. ластықтармен ластайды. Химиялық зауыттар құбырынан шығатын шаңтозан құрамында марганец, хром, қорғасын, қалайы, сынап және басқа металлдар жи кездеседі.

Жылу станцияларында электр энергиясын өндіру күдің, күйенің, күкіртті қоспалардың және азот тотықтарының орасан зор мөлшерде атмосфераға қосылуына себеп болады.

Атмосфералық ауа_ көптеген газ тәрізді заттардың қоспасы болып табылады. Ауаның негізгі массасын құрайтын азот және оттегі болып табылады. Бұлардан басқа онда көмір қышқыл газ, аргон, неон, гелий және т. б. газдар бар.

 

Кесте 1. Атмосфералық ауа құрамы

Газдар Мөлшері
Азот 78,15
Оттегі 20,78
Көміртегі оксиді 0,03
Инертті газдар 1- ге жуық

 


Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды.Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі.Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады.
Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшеріе жабылуымен түсіндіріледі.Соңғы жылдары ғалымдавр озон тесіктерінің пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр.Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек табиғи процестерге байланысты,соның ішінде күн белсенділігінің он бір жылдық циклімен ,екені туралы жорамал айтады.
Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі, ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады.Сонымен қатар ,Антарктиданың үстінде озонның тарлуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда.
Атмосфераның төменгі қабаттарындаозон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады.Ол жағымсыз иістерді,кейбір канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті.Бірақ,жоғары концентрацияда күшті у болып табылады.Адамда ол тыныс алуды қиындатады,көзді тітіркіндіреді,өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап,хлорофиллді бұзады.
ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалады.Мәселен,1987-шы жылы Антарктида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып,ол жеті млн км2 аумақты қамтыған.Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды.Нәтижесінде, оның негізгі көзі – хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды.Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырып, хлор тотығын түзеді.Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады.Нәтижесінде озонның жұқару процессі басталып, костостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлеметі бойынша атмосферадағы озонның бір пайызға азаюы ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған, адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол ашатыны дәлелденген.Осыған орай 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конфенция қабылданды.Оның мақсаты – озон қабатың бүлдіретін заттарды шығаруды тоқтату, осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде.

Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн.
Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде.

Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқ а жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.

Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс - улы туман (тұман мен түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар үш түрлі - ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) - газтәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік тип) - озонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл түтін түзеді. Улы тұманның үшінші түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тұратын қалың тұманның пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға, мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк, Братск, Мехико және т.б. тән. Улы тұман кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық реакциялары нәтижесінде қосымша улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.
Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микроклиматының нашарлауына - тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы, 1948 жылы 26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында қалың тұман мен түтіннің қосылуынан (улы тұман) жолдың көрінуі өте нашарлап қаланы қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс алуы қиындап, тамақтары ауырып, көздері ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен қатар көптеген құстар, иттер мен мысықтар да өлген. 1952 жылы желтоқсанда Лондон қаласында улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам қайтыс болды. Себебі ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті ангидридтің мөлшері қатты көбейіп кеткен. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес қаласында да жылдың ЖЫЛЫ маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялык, тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары (ит, құс) еле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап, көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша, астық тұқымдастар, жүзім және сәнді өсімдіктерге де зияны көп. Алдымен жапырақтары ісініп, біраз уақыттан кейін жапырақтың төменгі жағы ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.

1. Атмосферада біріншілік ластанулардан пайда болатын өнім:

А) Екіншілік ластанулар

В) Қосалқы қалдықтар

С) Бір мезгілде

D) Бір мезетте

Е) Біріншілік ластанулар

2.Биосфераны құрайтын атмосфера қабаты:

А) Тропосфера

В) Стратосфера

С) Мезосфера

D) Ионосфера

Е) Магнитосфера

 

3.Озонды қабаты ненің құрамына кіреді:

А) Стратосфера

В) Ионосфера

С) Тропосфера

D) Магнитосфера

Е) Мезосфера

 

4. Табиғи ластануға жатады:

А) Жер сілкінісі, су алу және т.б.

В) Өндіріс қалдықтары

С) Атомдық станциялар шығындары

D) Шулық ластану,су алу және т.б.

Е) Химиялық ластану

 

5. Физикалық ластану былай бөлінеді:

А) Ортаның физикалық параметрінің өзгеруіне байланысты

В) Жылулық параметрлеріне байланысты

С) Шулы параметрлеріне байланысты

D) Жарықтық параметрлеріне байланысты

Е) Электромагниттік параметрлеріне өзгеруіне байланысты

 

6. Жер қыртысының жоғарғы бөлігі не деп аталады:

А) Литосфера

В) Биосфера

С) Атмосфера

D) Ноосфера

Е)Гидросфера

 

7. Атмосфераның антропогендік ластануы:

А) Адам араласу арқылы атмосфера ауасының ластануы

В) Белгіленген тәртіп бойынша атмосфера құрамында ластайтын заттардың болуы

С) Адамға әсер ететін дәрежені анықтайтын физикалық ,химиялық атмосфера қасиетінің жинағы

D) Атмосфера құрамының қоспалар арқылы өзгерілуі

Е) Табиғи процесстердің әсері арқылы атмосфераның ластануы

 

8. Атмосфераның ең төменгі қабаты:

А) Тропосфера

В) Стратосфера.

С) Озонды қабат

D) Ионосфера

Е) Мезосфера

 

9.Озондық қабат мынадай биіктікте орналасқан:

А)25-40 км

В) 12-25 км

С) 10-12 км

D) 40-50 км

Е) 50-120 км

 

10. Тропосфера шекарасы мына аралықта жатыр:

А) 8-14 км

В) 2-4 км

С) 14-18 км

D) 6-9 км

Е) 1-2 км

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Экономика, бизнес жәнеәлеуметтікғылымдаржоғарымектебі

аза станРеспубликасыны білімж не ылымминистрлігі... аза Гуманитарлы За Университеті... Экономика бизнес ж не леуметтік ылымдаржо арымектебі...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Атмосфераны қорғау.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Гуманитарлықжәнежаратылыстанупәндерікафедрасыныңотырысындаталқыланды
  Хаттама № ____ «_____» _________­­­­­­­___________ _________ж.   Кафедра меңгерушісіт.ғ.к., доцент Ж.Д. Құсайынова  

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнініңатауы: «Шекарааралықэкологиялық мәселелер»     Барлығы -

Постреквизиттер
“Экология және тұрақты даму” пәні студенттердің келешекте «экологиялық құқұқ», «халықаралық экологиялы

Пәннің мақсаты
-халықаралық экологиялық ынтымақтастықтығын экологияның бас кешенді салаласы ретінде қарастыру - табиғатты игерушілік

Модульдің атауы:Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау
Модуль пәнінің атауы: Экология және тұрақты даму. Шекарааралық экологиялық мәселелер № Дәрі

СОӨЖ және СӨЖтапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
Модуль пәнінің атауы: : Шекарааралық экологиялық мәселелер Тақырып № СОӨЖ СӨЖ

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
1. Прохоров Б.Б Экология человека: учебник. 6-е изд., перераб. и доп. Изд-Academia 2011 2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: О&#

Экологиялық кітапханамен порталдар.
http://ecoportal.ru – ЭКО Портал http://www.unep-wcmc.org - Всемирный центр мониторинга охраны окружающей среды www.EarthPortal.org – портал Земли http://wdc.nbii.gov/ma/

Тұрақты технологиялар арналған сайттар.
http://www.eco-web.com – глобальная директория «Зеленые страницы» http://www.reenergy.by - информация о возобновляемых источниках энергии, энергоэфективности, пассивному отоплению и т. п.

Білімдібағалаудыңжалпышкаласы
Аттестациялықәріптікбаға Балдардыңсандықэквиваленті Оқупәнінмеңгерудәрежесінің %-дықм}

Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы
«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) егер студент бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да қ

ГЛОССАРИЙ
Абиотикалық фактор – жансыз табиғат факторы.   Автотрофты - өздігіне қоректенуші деген түсінікті береді, я

Экология және тұрақты даму.
Студент саны: (КЭ-101, КУиА-101, КФС-101, КФССП-101, КТ-101, КПХ-101, КС-101-КСР-101, КПД-101, КМП-101, КСК,КТД-101, КСК-102, КЮ-101, КЮ-102, КЮССП-101,102, ЮСП-1

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Оршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау саласы бойынша заңдар
Ресурстар мен обьектілер Заңдар: Жер «Жер туралы» Жер қойнауы «Жер қойнауы ж&

Биологиялық экология
Греч . Oikos - пәтер-үй + Logos - ғылым Экология - ғылым құрам туралы , құрылымға , қасиеттерде , функционал ерекшеліктерде ж

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Популяцияның жастық құрылымы
Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады.Т

Популяцияның кеңістік құрылымы
Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құ

Популяция динамикасы
Егер кез келген популяцияға сыртқы орта факторлары шектеулік жасамаса, теориялық сандық жағынан шексіз өсуге бейім. Бұндай гипотетикалық жағдай

Тақырып бойынша тест сұрақтары
1. Экологиялық факторлардың категориялары: A) Фитогенді және зоогенді. B) Климаттық және химиялық. C) Андропогенді және климатты

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Биоценоздың құрылымы
Кез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылым

Экожүйелер
Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жа

Негізгі терминдер
Биоценоз – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяциясының жиынтығы.

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Белгілі бір территорияны мекендейтін барлық тірі ағзалардың қауымдастығы: А) Биоценоз. B) Экологиялық қуыс. C) Биом.

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Тақырып бойынша тест сұрақтары.
1. Бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде жұмсалатын қуат мөлшері А) 20% B) 10% C) 5% D) 15% E) 1%

Биосфера туралы түсінік және оның компонентттері.
«Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы і

Тақырып бойынша тест сұрақтары
1. «Биосфера» терминін ұсынған ғалымды атаңыз: А) Э. Зюсс. B) В.ВДокучаев. C) В.И.Вернадский. D) Э. Геккель. E) Ю. Одум.

Ала тұрғысында даму
Тұрақты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалар

Оршаған орта
Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында, Осло қаласында (Норвегия), ол 2003 жылы

Леуметтік сала
Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қыз

Алалық жоспарлау және даму
Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар жә

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Тұрақты даму дегеніміз-бұл: А) Келешекке ұрпақтың қажеттіліктерін шектеп, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қ

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Ерекше қорғалатын территориялар
Ғылыми – техникалық прогреспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң күшеюiмен байланысты «жабайы» табиғаттың кейбiр бөлiктерiн,

Негізгі терминдер
Биосфера – тіршілік иелерімен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты.   Биологиялық айналым – организм

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Қызыл кітапқа тіркелген организмдердің ерешеліктерін атаңыз: A) Анықталмаған, сирек, жойылып кеткен, жойылып бара жатқан. B) Саны азай

Экология және тұрақты даму» бірінші аралық бақылау сұрақтары
1. Экология ғылымы туралы түсінік. 2. Тұрақты даму ұғымының пайда болу тарихы. 3. Рим клубы, және Медоуз және Форестор еv

Р территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентра

Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.
  Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым ба

Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан экологиясы саласындағы негізгі проблемалық мәселелерге мыналар жатады: 1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың а

Орта Азияның шекарааралық табиғи ресурстары.
  Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.1992 ж

Азақстан Республикасының негізгі міндеттемелері
Биосаналуандықты сақтау бойынша жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын құру; Жоспар шараларын қаржымен қамтамасызд

Азақстан Республикасындағы БҰҰ биологиялық сан алуандығы туралы Конвенциясының орындалуы
Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы. Экологи

Жойылып кету қауі бар түрлер және қорғалатын түрлер
Бұл көрсеткіш жоғалып кету қауіпі бар биоәралуандылықты санының және түрлердің бағалық жағнайын бағалауға м

Шекарааралық Жайық өзені
Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақста

Алдықсыз, және аз қалдық технологиялар.
3.Қазақстандағы әрекететуші және жабылған полигондар.   Сабақтың мақсаты:Трансшекаралық с

Халықаралық келісімдер
Үлкен қашықтықтарда ауаны трансшекаралық ластау туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы ластайтын заттардың шығарындыларын алдын-алу, бақылау, қ

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар
Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының жалпы көлемі стационарлы және жылжымалы ластау көздерінен төгінділердің сомасы ретінде аны

Парниктік газдардың шығарындылары
Осы көрсеткіш қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларының бар және күтілетін әсерін анықтауға ғана емес, сонымен қ

Халықаралық келісімдер
БҰҰ АӨНК Жақтарды шығарындыларды қысқартуға, сәйкес ақпаратты жинауды қамтамасыз етуге және ауа-райының өзгеруін,

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсынымдар
Парниктік газдардың жалпы көлемін тұтастай экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Б

Ж. су құстары, су - батпақ қоныстағы құстар туралы халықаралық маңызы бар, конвенция.
«Адам және Биосфера» атты ЮНЕСКО бағдарламасы (“Man and Biosphere”, MAB) жергілікті және ғаламдық деңгейде адамдар мен қоршаған орта арасындағы

Азақстанмен Қытайдың арасындағы шекарааралық өзендердiң реттеуiндегi Шостің рөлі.
Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көп

Ж. Теңіздерді радияциялық қалдықтардан қорғайтын конвенция
Сабақтың мақсаты;Дүниежүзілік мұхиттың ластанудан шекарааралық қорғау шараларын қарастыру. Каспий теңiзi бассейнi ме

Азақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Елімі

Сабақ мақсаты:Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғ

Экология және тұрақты даму»екінші аралық бақылау сұрақтары
1. Биосфераның дамуы, биосфераның қасиеттері, биосфераны қорғау. 2. Биосфера құрамы және шегі. 3. Биосферада тірі организмдерді

Карточкалар
Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер Міндеті особьтардың тірш

Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
  Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық саб

Білімді бақылауға арналған материалдар
  Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
  Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу. Дискуссия

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
  Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық ба

Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Оқу процесі барысында кафедра оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және 

Экология және тұрақты даму пәні бойынша модулді сипаттауға арналған формуляр
Модульдің аталуы мен шифрі Модуль- Модуль- Қоршаған ортаны қорғау мен денсаулықты сақтау. Шекарааралық экологиялық

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги