Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару.

Сандарды цифр деп аталатын символдар көмегімен бейнелейді. Біз білетін цифрлар араб (0,1,2,…9) және рим (І,ІІ,…Х,,…) цифрлары.

Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын – санау жүйесі деп атайды.

Санау жүйесі позициялық емес және позициялық болып екіге бөлінеді.

Римдік жүйе Ондық санау жүйесі
I
V
X
L
C
D
M

Позициялық емес санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні өзінің тұрған орнына (позициясына) байланысты емес. Бұған римдік санау жүйесі мысал бола алады. Бұл жүйеде жазылған ХХХ санында Х кез келген жерде 10-ды білдіреді.

Бұл жүйеде арифметикалық амалдар орындау күрделі болғандықтан әлем біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты.

Позициялық санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні өзінің тұрған орнына (позициясына) байланысты. Мысалы: 757,7 санында бірінші тұрған 7 жүздікті, үшінші тұрған 7 бірлікті, төртінші тұрған 7 ондық үлесті білдіреді. Кезкелген позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады.

Позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады Ондық санау жүйесі. Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Негізі: 1 Екілік санау жүйесі. Базистік цифрлары: 0,1.Негізі: 2Екілік санның әрбір цифрын бит деп атайды.

 

 

 

Сегіздік санау жүйесі. Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7.Негізі: 8 Он алтылық санау жүйесі. Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F (A=10, B=11, C=12, D=13, E=14, F=15)Негізі: 16Кез келген санау жүйесінде берілген санды ажырату үшін оның негізін төменгі индекс ретінде жазып қояды. Мысалы: 52410 – ондық сан, 101011,01012 – екілік сан, 4568 – сегіздік сан, 3Е5А116-он алтылық сан. Кез келген санау жүйесіндегі санды қосынды түрінде жазуға болады. Мысалдар: 52410=5*102+2*101+4*1006 1.3 Болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру. Қазіргі кезде индустриялық қоғамнан ақпараттық өркениетке, ашық және құқықтық мемлекет құру барысында, қоғамның даму факторы жүйелі түрде өзгеріп, қоғамның ақпараттық-коммуникацияға бет бұруына байланысты біздің саясатымызға, экономика мен әлеуметке, ғаламдық экономика және қоғамдағы қатынастарға өзгерістер енді. Құқық саласындағы болашақ мамандарын жаңа өрлеу заманында ақпараттандыру негіздерімен қаруландыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі. Себебі, біздің қазіргі өмір сүріп отырған кезең – ұлан-ғайыр әлеуметтік өзгерістердің дәуірі, ақпарат, техника және технология тасқыны кәсіпқой мамандарға жоғары кәсіби даярлық алуға мүмкіндік береді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауында білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейін білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту және осы заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау екендігі айтылған. Қазіргі заманда ақпараттық және бағдарламалық білім беруді қамтамасыз ету жетістіктері негізінде білім алудың ауқымды мүмкіндіктері туып отыр. Соның ішінде үздіксіз білім алу мәселесі де тұр. Кез келген адам білім алу барысында білімнің сапалы болғанын қалайды. Бұл жерде ақпараттық технологияның атқарар ролі ерекше. Осы негізде болашақ заңгерлерді даярлауда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын саралап көрсетуге болады: - ақпараттық технология арқылы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-ді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпараттарды кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді; - ақпараттық технологияларды пайдалану болашақ заңгерлердің белгілі бір ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын жеңілдетіп, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді; - ақпараттық технологияларды пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар – мәселелерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және түсінікті түрде жазу, қажетті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау мәселелерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен ақпарат заңдарын білуді көздейді. Соңғы жылдардың ішінде көптеген ғалымдар ақпараттық процестің талабына жауап беретін мамандарды даярлау мәселесіне назар аударған. Зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми-педагогикалық жұмыстарды талдау негізінде көптеген ғалымдардың жұмысын қарастырдық: - кәсіби білім беру мәселесін зерттеу Б. Әбдікәрімұлы, В.В. Егоров, З.А. Исаева, С.Т. Каргин, К.М, Кертаева, А.П. Сейтешев, Қ.А. Сарбасова, М.В. Семенова, Н.Д. Хмель, Л.А. Шкутина және т.б.; - білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е.А. Батешов, Р.М. Дұзбаева, Д.М. Жүсібалиева, Д.А. Казимова, Ж.А. Қараев, М.С. Мәлібекова, Ә.К. Мыңбаева, А.И. Тәжіғұлова және т.б.; - оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу В.П. Беспалько, И.Ф. Исаев, И.Я. Лернер, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина, Е.Н. Шиянов және т.б.; - білім беру саласында құжаттану мамандықтарын даярлауда ақпараттық технологияны қолдану С.А. Муликова, Т.А. Медеуова, Г.О. Тәжіғұлова, Г.Е. Самашова және т.б.; - құқық қорғау органдары қызметкерлерінің даярлығын арттыру А.В. Баширов, Р.Т. Завотпаев, Е.А. Лобынцева, Н.Ә. Мыңжанов, Р.Д. Оқашев, С.С. Түркенова, Е.Т. Түсіпбеков және т.б. Жоғарыдағы еңбектерді талдау зерттеудің көкейкестілігінің болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру бағытында жұмыс істей алатын, ақпараттарды өңдеп, жұмыс барысында дұрыс шешім қабылдай алатын қызметкерді даярлауда екендігін көрсетеді. Заңгер кәсібінің сипаттамасына байланысты ол тек қана заңгерлік білімді терең біліп қана қоймай, жоғары құқықты мәдениет пен кәсіби ақпараттық технологияларды да білуге міндетті. Заңгер дегеніміз – заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді (құқықтық нормаларға сәйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін және қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды) жүзеге асыратын маман. Жоғары оқу орындарында заңгерлік даярлық қазіргі заман талабына сәйкес жүргізіліп, оқыту процесінің негізгі мазмұнын құрайды және оның маңызды мәселелеріне жауап береді. Қазіргі қоғамның заңгер маманға деген талабына, дәрежесіне сәйкес келуі – дайындығы кәсіби стандартқа жауап беретін құқықтық және заң жұмысының негізін білуі, заңгердің қызметі – құқықтық ақпаратпен жұмыс жасай отыра, оның ішкі мәнін түсіну. Ол дегеніміз – материалдың мазмұнын, құқықты тарату мүмкіндігін бекіту, оның басқару потенциалын көтеру және т.б. Аталған жұмыстарды орындау барысында заңгерлер тек құқық көздерін ғана біліп қоймай, құжат мәтіндерін талдай алуы, қайта шыққан заңнамалық құжат актілерін салыстыру, берілген нұсқаның ішінен дұрысын іріктеу жұмыстарын тиімді атқара алады. Жалпы заңгер кәсібіне қойылатын талаптар: нақты және теориялық білімді, қазіргі құқықтық және экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс, мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу; заңдарды білу; өзінің білімін кәсіби қызметтегі практикада пайдалана білу; мамандығы бойынша практикалық дағдыларды игеру немесе жұмысында қолдана алу қабілетінің барлығы. Заңгерлердің кәсіби мәдениеттілігі дегеніміз – басқару әдістерін білу, адамдарға әсер ету; ел арасында тәрбиелік және құқық жұмыстарын жүргізу немесе насихаттау; еңбекті ұйымдастырудың ғылыми әдісін меңгеру, үнемі біліктілігін жетілдіру; нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қатынас жасай білу қасиеті. Болашақ заңгерлердің кәсіби қызметінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін талдау барысында олардың даярлығын жетілдіру жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру өз кезегінде заңгерлердің кәсіби мамандығынан туындайтын ұйымдастырушылық, зерттеушілік және әлеуметтік-коммуникативтік компоненттерін құрайды.

 

Тест 10 сұрақ