Жаттығу.

Фирмаға 12 жылдан кейін 500 000 тенге көлемінде қаржы қажет болады. Фирманың қазіргі уақытта депозитке қаржы салуға мүмкіндігі бар. Егер депозиттің жылдық проценттік ставкасы 12% болса, онда фирма 12 жылдан кейін 500 000 теңге алу үшін депозитке бастапқыда қанша сома қаржы салуы керек ? /Задача2.1, 17-сурет/

2.2-жаттығу.7 жылға,8% ставкамен берілген, төлемақысы 27 000 болатын болса, бастапқы соманы анықтаңыз.

3.1 –жаттығу. Егер жобаның бастапқы құны (ПС) = 12 000 тенге, болашақ құны (БС) = 65 000 , жылдық ставкасы (СТАВКА) 12% болса , периодтардың жалпы санын есептеу керек.

3.2 - жаттығу.Сіз 90 000 теңгені 15% жылдық ставкамен ай сайын 15 000 теңгеден қайтарып отырамын деп қарызға аласыз. Осы қарызыңызды қанша уақытта (периодтың жалпы санын) қайтара алатыныңызды есептеп көріңіз. Төлемақы ай сайын жасалатынын, ал проценттік ставка жылға берілетіндігін ескеріңіз.

4.1 – жаттығу.Бастапқы құн32 000 теңге, 5 жылдан кейін 120 000 теңгені құрайды есептеп, жылдық проценттік ставканы табыңыз.

4.2-жаттығу.Бес жылға берілген 800 000 теңге займ, ай сайын 20 000 теңгеден қайтарылып отырса, займның қандай жылдық проценттік ставкамен берілгенін табыңыз. Төлемақы ай сайын жасалатынын, ал проценттік ставка жылға берілетіндігін ескеріңіз.

2.1- 4.2 жаттығулардың орындалу тәртібі 17-суретте көрсетілген, қажет формулаларды өзіңіз жазасыз.