Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілменБағалар пішінін жасап үйренейік.Ол үшін:

§ Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

§ Ашылған Новая форма сұхбат терезесінен Конструктор режимін таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалынады.

§ Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады. Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып отырып барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол жағын басқан күйі деректер облысына (область данных) жылжытып алып барыңыз.

§ өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің алаңына қалаңызша ыңғайлы орналастырыңыз.

§ Студент кодыөрісіндегі текстің өлшемін18 деп беріңіз. Жазбаның өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат – размер - по размеру данных командасын орындаңыз. Пішіндіе Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.

b)Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы пішіннің атына тышқан курсорын апарып екі рет шертіңіз. Ашылған пішін терезесінде Бағалар кестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес толтырыңыз.