Ақпараттарды кодтау.

Екілік сандар көмегімен кез келген алфавиттің символдары кодтар түрінде таңбалана алады, яғни бұл — кез келген тиіде жазылған мәлімет екілік кодтар түрінде бейнеленеді деген сөз.

Мысалы, ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді:

Әріп Код Әріп Код Сан Код

A 10000000 A 01000001 0 00110000

Ә 11110000 В 01000010 1 00110001

Б 10000001 С 01000011 2 00110010

В 10000010 D 01000100 3 00110011

Г 10000011 Е 01000101 4 00110100

F 11110001 F 01000110 5 00110101

"AHA" деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен бейнеленеді:

AHA - 10000000 10001011 10000000

Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба) деген қысқарган сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның byte деген сөзінен) деп атау келісілген.

1 байт = 8 бит бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан, мысалы,

Е -10000101, е -10100101, / - 00101111, 8 - 00111000 т.с.с.