Дыбыстық ақпараттардың берілуі.

Дыбыс өз табиғатында ауаның тербелуінен шығатын үздіксіз сигнал.

Компьютерге дыбысты енгізу үшін оны нөльдер мен бірлердің жиыны түрінде ұсыну қажет. Ол былайша жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электр тоғының тербелісіне айналады. Тең, өте аз уақыт аралығында (0,00002сек) электр тоғының шамасын белгілеп қоятын боламыз. Өте үлкен мән - бір, ал өте кішкентай мән - нөль (әрине, барлығы анықталған дәлдік дәрежесімен жасалады) саналады. Біз компьютерге енгізуге, сақтауға немесе өңдеуге болатын дыбыстың екілік кодын аламыз.

Компьютерден дыбыстық ақпаратты шығару кезінде кері процесс жүреді, екілік кодтардың жиыны электр импульсына айналып динамик арқылы өткізіледі де, біз дыбысты естиміз.

Қазіргі уақытта компьютерден мәтіндік ақпаратты сөйлеу түрінде шығаруға болады, яғни компьютер мәтінді "оқиды".

Адамның сөзін элементарлық дыбыстардың (фонема) және олардың арасындағы үзіліс тізбегі ретінде ұсынуға болады. Мысалы, орыс сөздерінде 40-45 фонемаларды ерекшелеуге болады.

Әрбір фонема компьютердің жадына енгізілуі және сақталуы, кодталуы мүмкін. Енді компьютер шығарылатын мәтінді фонемалық түрде өңдей алады. Синтезатор (сөзді ойнату құрылғысы) арқылы оны адам сөзінің фонемалық түрінің бар үлгілерімен салыстыра отырып окуға болады.

Дауыс құралдарымен ақпаратты компьютерге енгізуде, ал бұл іс алдын ала компьютердің жадына енгізілген сөздіктегі жеке сөздер деңгейінде кодталатын болғандықтан, адамның сөзін тану қиынға соғады.

Мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық, бейнелік деректерді өңдеу үшін арнайы программалар - редакторлар, электрондық кестелер бар.