Логикалық амалдар.

Логикалық жалғаушылар математикалық логикада күрделі пайымдауларды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады. Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

"және" "немесе" "емес" конъюнкция (логикалық көбейту) дизъюнкция (логикалық қосу) теріске шығару А және В А немесе В А емес

 

Логикалық көбейту

ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен бір құрамдасқа екі қарапайым А және В пайымдауларының бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция деп аталады, ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді.

ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалық операциясы үшін ақиқаттық кесте мынадай:

А В А және В
иә иә иә
иә жоқ жоқ
жоқ иә жоқ
жоқ жоқ жоқ

Мұндағы А және В - иә немесе жоқ мәнін қабылдай алатын екі пайым.

Мысалы, деректері қарапайым айтылымдар болсын: А - "Астана - Қазақстанн астанасы", В - "Астанада 300 мыңнан астам адам тұрады".

Онда осы айтылғандардың логикалық көбейтіндісі, немесе конъюнкциясы, күраіу пайымдау болады: Астана - Қазақстанның астанасы және Астанада 300 мыңі астам адам тұрады пайымдауларьшың ақиқат мәніне байланысты иә немесе жоқ мә қабылдайды. А мен В пайымдауы иә мәнін қабылдағанда "А мен В" кұрам пайымдауы да иә мәнін қабылдайтьшын кестеден көреміз.

Ақиқат кестесінен:

Пікірдің екеуі де ақиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат;

А немесе В пікірлерінің біреуі немесе екеуі де жалған болғанда, А және В конъюнкциясы жалған болатындығын көреміз.