БҚ жіктелуі.

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) - компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.

Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.

Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Жүйелік БҚ-ға:

• операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;

• бағдарламалау жүйелері;

• техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.

Операциялық жүйе (ОЖ) - бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы, олардың мақсаты — компьютер жұмысын басқару. ОЖ-нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өңдеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Бағдарламалау жүйесі — БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты - бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай-ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаларға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе интерпретаторлар) жатады.

Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.

Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші үғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.

Қолданбалы бағдарламалардың дестесі (ҚБД) - белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. ҚБД мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

• жалпы мақсаттағы;

• әдістемелік-бағдарлау;

• проблемалық-бағдарлау.

Жалпы мақсаттағы ҚБД міндеттердің кең тобын автоматтандыруға бағдарланған. ҚБД-нің тобына:

• мәтіндік процессорлар (мысалы, Microsoft (МS) Word);

• кестелік процессорлар (МS Ехсеl);

• деректер базаларын басқару жүйелері (МS Ассеss);

• серпінді тұсаукесерлер жүйелері (МS РоwеrРоіnt);

• графикалық процессорлар (Соrеl Draw);

• баспа жүйелері (РаgеМаkеt, Quark XPress);

• ықпалдасқан жүйелер (МS Works);

• жобалауды автоматтандыру жүйелері (СASЕ-технология);

• сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің және басқаларының қоршауы.

ҚБД-нің әдістемелік-бағдарлау негізіне:

•математикалық бағдарламалаудың (линиялық, серпінді, статистикалық және басқа да);

•желілік жоспарлау мен басқарудың;

•жаппай қызмет көрсету теориясының;

•математикалық статистика есептерін шешудің әр түрлі экономикалық-математикалық әдістерін жүзеге асыру жатады.

Проблемалық-бағдарланған ҚБД нақты мәселе саласындағы белгілі бір міндеттерді (проблемаларды) шешуге бағытталған. Бұл қолданбалы бағдарламалар дестелерінің ең кең тобы. Олардан мыналарды: банктік дестелерді, бухгалтерлік есеп дестелерін, қаржы менеджментін, құқықтық анықтамалық жүйелерді және басқаларын бөліп атаған жөн.

Қолданбалы БҚ-ға сервистік қызметтің бағдарламалық құралдары жатады, олар пайдаланушының қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, қосымша қызметтерді орындау үшін (мысалы, ақпараттық менеджерлер, аудармашылар және басқалары) қызмет атқарады.

Пайдаланушының интерфейсі (User interface) аппараттық және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Интерфейстің аппараттық бөлігі экран, пернетақта (клавиатура) және тышқан (мышь - маус) болып табылады. Бағдарламалық бөлігі қазір ең алдымен графикалық бейнелеу түрінде (Graphical User interface - GUI) анықталады.

GUI мына төмендегі төрт принципке негізделген:

• пайдаланушының жалпы интерфейсінің болуы;

• бит картасының болуы, жоғары шешім қабілеті, түрлі түсті дисплей;

• What You See Is What You Get (Көріп отырғанымның бәрі де бар);

• тікелей жасалатын амал-айла (манипуляция).

Программалыққамтама сипаттамасы-программалық қамтама (ПҚ) кез – келген ЭЕМ-нің өте өажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Осындай сәйкес программалардың көмегінсіз машинаға пайдалы қандай-да бір әрекет жасату мүмкін емес. Дербес компьютердің ПҚ-ның құрамына бөлек проблемалық аймақтарға бағытталған қолданбалы программалар мен қатар универсалды құрылғылар да кіреді.

Қазіргі уақытта ДЭЕМ-нің әр түрлеріне арнап оң мыңдаған программалар құрылған, олар келесі негізгі класстарға бөлінеді:

1. операциялық жүйелер;

2. программалау жүйелері;

3. қолданбалы программалар.