Microsoft EXCEL программасында кредит, ссуда, займдар беруді есептеу және т.б. финанстық операцияларды орындай алатын арнаулы функциялар қарастырылған /14.1- кесте/. Олардың көмегіне сүйене отырып, :
· болашақ құнды (определение наращенной суммы или будущей стоимости);
· бастапқы құнды (определение начального значения или текущей стоимости);
· төлем уақытын және проценттік ставканы;
· займды өтеудің периодты төлемақысын және т.б. анықтауға болады.
14.1-кесте
Операция | Анықтамасы | Синтаксисі | Формуласы |
Болашақ құн | Тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым-ның болашақ құны | БС(ставка;кпер;плт;пс;тип), мұндағы: Ставка - периодқа сәйкес проценттік ставка; Кпер - периодтың жалпы саны; Плт - әрбір периодта төленетін төлемақы; Пс - бастапқы құн; Тип -бұл 0 немесе 1 саны, егер 0 болса төлем периодтың соңында , ал 1 болса басында жасалады. | FV=PV*(1+I)N,мұндағы: n –периодтың жалпы саны ; І - проценттік ставка; PV- салымның бастапқы құны; FV-салымның болашақ құны. |
Бастапқы құн | Тұрақты төленетін периодтық төлем- ақы негізінде құра-латын салымның бастапқы құны | ПС(ставка;кпер;плт;бс;тип) | PV=FV/(1+I)^N. |
Период тардың жалпы саны | Тұрақты төленетін периодтық төлем-ақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым өтеу периодтары- ның жалпы саны | КПЕР(ставка;плт;пс;бс;тип) | |
Процент-тік ставка | Периодта тұрақты төлемақы жасау жолымен қайтары-латын, сома беру үшін бір периодтың проценттік ставка-сын есептеу | СТАВКА(кпер;плт;пс;бс;тип) | |
Төлемақы | Төлемақы мен проценттік ставка-ның тұрақтылығы негізінде бір периодта төленетін сома көлемін есептеу | ПЛТ(ставка;кпер;пс;бс;тип) |
Excel программмасында периодты төлемақыны және амортизацияны есептеуге арналған келесі финанстық функциялар қолданылады /15.1-сурет/ :
15.1- кесте
Операциялар | Анықтама | Синтаксис |
Процентттік өсімге сәйкес төлемақыны есептеу | ПРПЛТ функциясы тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде проценттік өсімге сәйкес төлемақыны есептейді . | ПРПЛТ(ставка;период;кпер;пс;бс;тип) |
Проценттік өсіммен берілген займды өтеу төлемақысы сомасын есептеу | ОСПЛТфункциясы период сайын тұрақты түрде төленіп тұратын төлемақылар негізінде жинақталған займ кірісін есептейді. | ОСПЛТ(ставка;период;кпер;пс;бс;тип) |
Бір периодтағы амортизацияны есептеу. Амортизация - бұл мүлікті пайдалану кезеңінде, әрбір өткен уақыт бірлігіне (периодқа ) сәйкес мүлік құнының төмендеуі | АПЛ функциясы бір период кезіндегі актив амортизациясы-ның шамасын септейді | АПЛ(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации) Нач_стоимость — актив алуға кеткен шығын . Ост_стоимость — амортизация периодының соңындағы қалған құн (немесе активтің қалдық құны деп те аталады ). Время_эксплуатации — актив амортизацияланатын периодтар саны (немесе амортизация периоды). |
Берілген периодтағы амортизацияны есептеу. | АСЧ функциясы берілген периодтағы актив амортизациясының шамасын есептейді. | АСЧ(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период) |