Файлдардың және бумалардың атауларын өзгерту

Файл атауын өзгерту үшін келесі іс-әрекеттерді орындаңыз. Сілтеуші терезесінен Студент файлын ерекшелеп, Файл-Атын өзгерту (Файл-Переименовать) командасын орындаңыз. Файл атауы қоршауға алынып ерекшеленеді. Файлдың жаңа атауын «Архив» деп теріңіз. Файлдың жаңа атауын тергенде ескі атау өшіріледі. Файлдың жаңа атауын тергеннен кейін <Enter> пернесін немесе Сілтеуші терезесінің бос жеріне шертіңіз.

Windows операциялық жүйесі дискілерде орналасқан файлдар мен бумаларға байланысты көптеген операцияларды (көшіру, өшіру, атын өзгерту, орын ауыстыру және т.б.) орындау үшін пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс ұсынады.