Жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.

1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.

2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.

3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .

4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.

5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.

6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.

7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.

8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.

9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.

10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.

11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.

1. Объектілер үшін өз жазбаларыңызды қосуға болады..

Сурет келесі түрдегідей болуы керек: